2018 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасын (бұдан әрі –Олимпиада) өткізуді жоспарлауда.
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға оқушылардың қызығушылығын жоғарлату, тәжірибелікқабілеттері мен теориялық білімін тереңдету;
- математикадан және физикадан есептерді шешуде табандылықты, дербестікті, белсенділікті анықтау және дамыту;
- адал бәсекелік күресті жүргізу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Олимпиадаға облыстың барлық қалалары мен аудандары мектептерінің5-8 сынып оқушылар қатысады.
Олимпиада Өскемен қаласы, Новаторлар көш., 9а (Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей) мекенжайында өтеді.
Қатысушыларды тіркеу – сағат 09.00-09.30-ға дейін.
Олимпиаданың өткізілуі– сағат 09.30-14.00-ге дейін.
Олимпиаданың жабылу салтанатында қатысушылар марапатталады.
Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ., Абай даңғылы,21,«Дарын»ШҚ ӨҒПОтел.: 8/7232/ 55-20-12, 70-02-44.