2018 жылдың 12-16 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында генерал С.К. Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінің базасында өткен V республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасына қатысты.
«Сардар» олимпиадасының республикалық кезеңі қатысушылар үшін интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, түлектердің Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына түсуіне дайындықтарын тексеру болып табылды.
Олимпиаданың екі айналымы бойынша: теориялық (математика, физика, қазақ және орыс тілдері, алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша тестілеу) және тәжірибелік (алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтырудан нормативтер орындау: жалғыз саптық дайындық, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау, 3000, 100 метрге жүгіру және белтемірге тартылу) айналымдарда дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының барлық тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі дипломмен Мұратбеков Ерасыл, ІІ дәрежелі дипломмен Төлеубаев Темирлан марапатталды. Олимпиаданың Бас жүлдесі Джашкенев Әлішерге табыс етілді. Команда жетекшісі, батальон командирі Капатаев Қуатбек Ризабекұлына олимпиада қатысушыларын сапалы дайындағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
«Сардар» кешенді олимпиадасы аясында жетекшілерге «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру» атты семинар ұйымдастырылды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Табыстар мен жеңістер тілейміз!


