2016-2019 жылдарға арналған «Дарыны мектеп» кешенді жоспарын орындау мақсатында, ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өзара әрекеттестік бойынша жұмыс жүргізілуде.
2018 жылы 6 сәуірде ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ базасында магнитті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен әдіскерлері үшін «VALEO» интеллектуалдық дамыту жиынтығын мектеп жасына дейінгі балалармен оқу үдерісінде қолдануды интеграциялау» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикумның мақсаты «VALEO» интеллектуалдық дамыту жиынтығын балалардың интеллектуалдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін Шығыс Қазақстан облысындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жүйесіне ендіру бойынша іс-тәжірибемен алмасу.
Семинар-практикумның міндеттері:
1. «VALEO» жиынтығын қолданумен турнирлерді өткізу мәселелерін талқылау;
2. Магнитті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына әдістемелік көмек көрсету;
3. ҚР білім беру жүйесінің жағдайларына бейімделген «VALEO» интеллектуалдық дамыту жиынтығын (оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар, жинақтар, үстел ойындары) пайдалану бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді презентациялау.
Семинарға ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Сейілханова Алмагүл Жұмабайқызы, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Көкпекті, Үржар, Глубокое, Шемонаиха аудандары мен Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 18 әдіскер мен тәрбиешілер қатысты.
Семинарға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, ШҚО ББ «ДБА ВАМК» КММ директоры, педагогика ғылымдарының докторы Ахева Наталья Васильевна семинар қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, семинар қонақтарын таныстырды.
ШҚО ББ «ДБА ВАМК» КММ әдіскері Евгения Сергеевна Рудник қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырды.
Семинар барысында қатысушылар ҚР МЖМБС көзделген білім беру салаларын есепке алумен сабақтар жиынтықты практикалық қолдануды көруге мүмкіндік алды. Келесі сабақтар өткізілді:
1. «VALEO» зияткерлік дамыту жиынтығын қолданумен орта топта музыкадан білім беру қызметін ұйымдастыру. Тақырыбы: «Біз тұяқшаларды қолға аламыз». Музыкалық жетекші - Ляпунова Изольда Леонидовна.
2. «VALEO» интеллектуалдық дамыту жиынтығын пайдаланып, жоғарғы топтарда көркем әдебиет бойынша ұйымдастырылған білім беру қызметі. Тақырыбы: В. Осееваның «Жаман» әңгімесі. Бочарова Юлия Вячеславовна, тәрбиеші.
«VALEO» интеллектуалдық дамыту жиынтығын қолданудағы іс-тәжірибесімен Өскемен қаласындағы №18 «Еркетай» бала басқшасының әдіскері Мөлдір Дуйсенқызы Тоқтағанова, Семей қаласындағы №11 «Ертөстік» балабақшасының тәрбиешісі Жадыра Қаныбековна Жексенаева, Курчатов қаласындағы «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі Толғанай Жұманбекқызы Танбаева, ШҚО ББ «ДБА ВАМК» тәрбиешісі Валентина Ивановна Жарликова бөлісті.
Барлық оқытушылар семинарға қатысу үшін сертификаттармен марапатталды.