+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Зияткер» мектепалды дайындық сыныптарының балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының қорытындысы
15 Сәу, 09:08

 

Балалардың инженерлік-техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық әлеуетін, құрастырушылық және өнертапқыштық  қабілеттерін анықтау мен дамыту мақсатында 2018 жылдың 14 сәуірінде облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында «Тілашар» облыстық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға облыс қалалары мен аудандарынан «Дарынды мектеп» Кешенді жобасын жүзеге асыру аясында ашылған облыстың «Зияткер»желілік кешен мектептерінің 1 сынып және мектепалды дайындық сыныптарының тәрбиеленушілері қатысты.

Олимпиада келесі бағыттар бойынша өтті:

-         «Тілашар/АБГД»;

-         «Қазақ тілі» ;

-          «Орыс тілі»;

-         «Ағылшын тілі»;

-         «Мен әлемді танимын»;

-         «Қызықты математика»;

-         «Сауаттылыққы үйрену»;

-         «Стандартты емес есептерді шешу»;

-         «Легошығармашылық»;

-         «Легоқұрастыру»;

-         «Қызықты математика»;

-          «Инженерлік есептердің шығармашылық шешуі».

Қатысушылар тапсырмаларды орындау кезінде сурет салды, санады, есептер шешті, конструкциялар құрастырды, аппликациялар жасады, сөйлемдер мен суреттерді салыстырды, бояды. Балалар жыл көлемінде алған және болашақта мектепке қажетті қабілеттері мен дағдыларын қолдана білді.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен қатар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бүлдіршін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жетістіктерімен құттықтаймыз!

Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!