Оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау мақсатында 2018 жылдың 11-12 сәуір аралығында 9-11 сынып оқушылар арасында химия және биология пәндерінен Жәкула Күшікұлы атындағы бірінші облыстық олимиадасы өтті.
Олимпиада екі айналымда болды: Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектеп басасында тәжірибелік және практикалық кезеңдере өтті.
Олимпиадаға демеушілік жасаған – қоғамдық және саяси қайраткер, тұңғыш қазақ дәрігері Жәкула Күшікұлының немересі Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қоры.
Құрметті қонақтар:
Жәкулина Жайна – марқұм Асқар Жәкулиннің жұбайы, «Ас-Ай» компаниясының директоры, Асқара Жәкулин атындағы қайырымдылық қорының құрылтайшысы.
Сейдолла Гүлнар – Асқара Жәкулин атындағы қайырымдылық қорының директоры.
Сақбаев Алмас Ахметбекұлы– ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Нәбижан Мұқаметханұлы–тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультеті, «Қытайтану» кафедрасының профессоры, «Қәзіргі Қытай зерттеу орталығының» директоры
Айт Әрмиябек Сағындықұлы – қытай-қазақ тілінің аудармашысы.
Қордың қамқоршылары: Атраубаева Айнагүл Манапқызы и Тұмарбек Гүлнұр.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен ғана емес, сонымен қатар естелік сыйлықтармен марапатталды: І орын– ноутбуктарға, ІІ және ІІІ орын – смартфондарға ие болды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен – 18, ІІ дәрежелі дипломмен – 24, ІІІ дәрежелі дипломмен – 48, номинациялармен – 9 оқушы марапатталды.
Бірінші облыстық олимпиадаға барлық қатысушылар мен жетекшілерді құттықтаймыз!!!
Сәттіліктер мен лайықты жеңістер тілейміз!