1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржылындыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Олимпиада ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «С. Аманжолов атындағы мемлекеттік университет» ШЖХ РМК (бұдан әрі - С. Аманжолов ат. ШҚМУ), «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі –«Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.
3. Олимпиада мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.
4. Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- шығармашылық қабілеттер мен ғылыми-практикалық іс-әрекеттерге деген қызығушылықты анықтау және дамыту;
- оқушылардың өлкетануды оқып үйрену саласындағы танымдық және шығармашылық белсенділіктерін белсендіру;
- Н. Назарбаевтың «Қоғамдық келісімді жаңғырту: болашаққа көзқарас» бағдарламалық мақаласының мазмұнын түсіндіру;
- Оқушылардың санасына бірігу маркерлері мен қазақстандық сәйкестендіру – жалпыұлттық қасиеттеріміз арқылы Қазақстан халқының идеяларын нығайту;
- бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестік, білімге табыну, дамудың эволюциялығы және сананың ашықтығы ұстанымдарына қалыптасқан азаматтықты және патриоттықты тәрбиелеу;
- әлеуетті талапкерлердің өңірден кетуін ескерту мақсатында оқушыларды Шығыс Қазақстан облысының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі - С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-мен таныстыру.
Олимпиаданы өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті
5. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Олимпиаданың дайындығына және өткізілуіне тікелей бассшылықты жүзеге асырады;
- Олимпиадаға қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды.
- Олимпиаданың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;
- Олимпиада шараларының түрлерін, өткізу түрлерін анықтайды;
- Олимпиаданың қорытындысын талдайды және жалпылайды.;
- Олимпиаданың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
3. Олимпиада қатысушылары
6. Олимпиадаға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 6-11 сынып оқушылары қатыса алады.
4. Олипиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
7. Олимпиада үш кезеңде өтеді:
Бірінші кезең– мектепішілік іріктеу(19 сәуір, 2018 жыл).
Екінші кезең– аудандық/қалалықіріктеу(25 сәуір, 2018 жыл).
Үшінші кезең– облыстық (5 мамыр, 2018 жыл, Өскемен қ.).
8. Қатысушылардың келу күні - 5 мамыр (сағат 9.00 дейін), қайтуы – (сағат 16.30 кейін).
9. Олимпиадаға қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2018 жылдың 28 сәуірінее дейін келесі мекен-жайға жіберіледі бола Өскемен қ., Абай даңғылы .21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.
Сұранысқа қоса тіркеледі:
1) мектепішілік іріктеу кезеңін аудан/қалада ұйымдастыру және өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген қорытынды есеп (2-қосымша);
2) аудандық/қалалық кезеңді өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген қорытынды есеп (3-қосымша);
3) аудан/қалалардан келген қатысушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, оқушылар командасын алып жүрушінің тегі, аты әкесінің аты және лауазымы;
4) қатысушыларды тіркеу үшін толтырылған анкета (4 Қосымша).
10. Әр аудан/қала мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 10 адам: топ жетекшісі және 9 қатысушы (6 сынып – 1 қатысушы; 7 сынып – 1 қатысушы; 8 сынып – 1 қатысушы; 9 сынып – 2 қатысушы; 10 сынып – 2 қатысушы; 11 сынып – 2 қатысушы).
11. Топ жетекшісі олимпиадаға қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұрғылықты жеріне дейінгі қайтар жолда өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.
12. Олимпиадаға келіп жеткен соң топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) Олимпиадаға қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, үй телефоны, ұялы телефоны, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
3) Қатысушылардың жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
13. Қала/аудан қатысушыларының, облыстық мамандандырылған мектеп оқушыларының әр командасының біріңғай формасы, атауы,девизі мен эмблемасының болуы қажет. Команданың атауы мен эмблемасы олимпиада тақырыбымен үйлесімді болуы тиіс. Конкурстардың барлығына өту кезінде команда таңдап алынған образды ұсынуға тырысуы қажет.
5. Олимпиаданы өткізу шарттары
14. Олимпиада үш айналымда өтеді:
1) Кешенді олимпиада– жеке қатысу.
Кешенді олимпиада тест түрінде өтед.
Тест тапсырмалары келесі: «Әдебиет», «География», «Қазақстан тарихы» пәндер бойынша орыс және қазақ тілдерінде әзірленеді. Тапсырмалардың мазмұны 6-11 сыныптардағы тереңдетілген мектеп бағдарламасымен сәйкес келуі тиіс (білімнің 30%-ы өңірлік компоненттенбілімді тексеруге бағытталған.
Тапсырмалар тапсырма парағында орындалады (Ұйымдастыру комитеті кешенді олимпиаданың басталуы алдында үлестіреді). Таңдап алған жауапты дөңгелекпен қоршау қажет
Регламент: 75 минут.
Ең жоғары бағалау: 100 ұпай (60 сұрақтан).
Командалық есепте кешенді олимпиадаға қатысқаны үшін әр команда команда қатысушыларының ортақ арифметикалық ұпайын – 100 ұпай жинайды.
2) «Келешекке кемел біліммен» квесті – Шығыс Қазақстанның аумағында орналасқан аймақтық компонентті білуге, соның ішінде ұлттық маңызы бар әдет-ғұрыптық нысандарды білуге арналған командалық ойын-жарыс.
Квестті қазылар алқасы командалар жауабының нақтылығын ескере отырып бағалайды.
Ең жоғары бағалау: 30 ұпай.
3) «Менің кіші отанымның тарихи-мәдени мұрасы» фотосурет көрмесі – командадан 1 қатысушы (1-3 сурет).
Көрме команда жетекшісімен құрастырылады.
Көрмеге ұсынылған фотосуреттер келесі талаптарға жауап беруі қажет:
- Фотосуреттер түрлі-түсті және ақ қара А3 форматта болуы;
- Фотосуреттер 2017 жылдан ертерек жасалмаған болуы;
- Фотосуреттер түсірілген күні, автордың тегі және аты, сыныбы, оқу орны, жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты , жұмыстың атауы, номинациясы және жұмыстың қысқаша мазмұны көрсетілген 10х15см өлшемдегі визиткамен безендірілуі қажет.
Компьютерлік өңдеуден өткен, коллаж түрінде орындалған және сапасы лайық емес жұмыстар фотокөрмеге қатысуға қабылданбайды.
Фотосуретті қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып бағалайды:
- көрме тақырыбына сәйкестігі – 5 ұпай;
- шығармашылық тәсіл – 5 ұпай;
-идея мазмұндылығы мен түпнұсқалығы – 5 ұпай;
- жұмыстың айқындылығы мен жарқындылығы – 5 ұпай;
- көрерменге тәрбиелік ықпал ету дәрежесі – 5 ұпай;
- орынлалу сапасы - 5 ұпай;
Ең жоғары бағалау – 30 ұпай.
Командалық есепте фотокөрмеге қатысқаны үшін әр команда ең жоғарғы 30 ұпайды жинайды.
6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
15. Олимпиада жеңімпаздары номинациялар бойынша дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
Үш айналымның ұпай жиынтығының қосындысы бойынша жалпыкомандалық орындар анықталады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына ШҚО атқарушы билік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, шығармашыл зиялылар өкілдері, халықаралық, республикалық, және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаған алдыңғы қатарлы мұғалімдер, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді.
7. Қаржыландыру
17. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.
Олимпиадаға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екә жаққа жол жүру) жіберуші жақ есебінен төленеді.
1-қосымша
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасына қатысуға
тапсырыс
|
№ |
Қатысушының тегі, аты
|
Аудан/ қала
|
Білім беру ұйымы
|
Сыныбы
|
Оқу тілі
|
Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты
|
Жетекшінің лауазымы
|
Жетекшінің ұялы телефон нөмірі
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2... |
|
|
|
|
|
|
|
|
2-қосымша
|
_____________________ауданында/қаласында, «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының мектепішілік іріктеу кезеңін өткізу қорытындысы 19 сәуір, 2018 жылы
|
||||
|
№ |
Білім беру ұйымының атауы |
Қатысушылардың жалпы саны |
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны
|
Байланыс телефоны
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
|
|
||
|
2… |
|
|
||
|
Аудан/қала бойынша қорытынды: Итого по району/городу: |
|
|
||
3-қосымша
|
_____________________ауданында/қаласында, «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының аудандық/қалалық іріктеу кезеңін өткізу қорытындысы 25 сәуір, 2018 жылы
|
||||
|
№ |
Білім беру ұйымының атауы |
Қатысушылардың жалпы саны |
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны
|
Байланыс телефоны
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
|
|
||
|
2… |
|
|
||
|
Аудан/қала бойынша қорытынды: |
|
|
||
4-қосымша
|
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасына қатысушының САУАЛНАМАСЫ
|
||
|
1. |
Сіздің есіміңіз және тегіңіз |
|
|
2. |
Сіздің үй және ұялы телефоныңыздың нөмірі, |
|
|
3. |
Сіздің жасыңыз |
|
|
4. |
Сынып |
|
|
5. |
Білім беру ұйымы |
|
|
6. |
Аудан/қала |
|
|
7. |
Сіздің негізгі құзыреттілігіңіз (таңдаған нұсқаңыздағы жауабы бар шаршыны бояңыз
|
1) тілдерді білу: o- казақ тілі o- орыс тілі o- басқа тілдер (қай тіл екенін көрсетіңіз) ______________________________ ______________________________ |
|
2) топпен жұмыс істеу тәжірибеңіз o- иә o- жоқ |
||
|
3)олимпиадаларға қатысу тәжірибеңіз o- иә(қайсысында көрсетіңіз) o- жоқ ______________________________ ______________________________ ______________________________ ______________________________ ______________________________ ______________________________
|
||
|
4) хоббиіңіз (көрсетіңіз) ______________________________ ______________________________ ______________________________ |
||
|
8. |
Сіздің қызығушылық салаңыздың аумағы? |
|
|
9. |
Сіз не себепті «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасына қатысқыңыз келеді? |
|