+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетін өткізу туралы ЕРЕЖЕ
13 Сәу, 12:51

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің (бұдан әрі – Слет) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау, өткізу мен қаржыландыру тәртібін белгілейді.

2. Слеттің ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан әрі – ШҚО ББ), «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады.

3. Слеттің мақсаты – балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту, туристік дағды мен икемділікті, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және дамыту, оқушыларды тарих, география, Шығыс Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті жөнінде оқып үйрету, білімдерін кеңейту, жас ұрпаққа патриоттық және азаматтық тәрбие беру.

4. Слеттің міндеттері:

- зерттеуге және практикалық іс-әрекеттерге қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау және қолдау;

- оқушыларды өлкетану тәсілдерінің негізгі қағидаларымен таныстыру;

- оқушыларды ғылыми-зерттеу дағдыларының іс-әрекеттеріне оқыту және меңгерту, картографиялық материалдармен жұмыс жасауға, жергілікті жерде бағдар ала білу және қозғалу техникасын оқытып, үйрету;

- оқушыларды оқып үйренетін нысана орнына бару арқылы (мәдени-тарихи ескерткіштер, зауыттар, табиғаттар) оқыту, білімді меңгерту және оларды тікелей таныстыру;

- туристік-экспедициялық жұмыстардың әдістерін және инновациялық формаларын дәріптеу, дәстүрлі әдістерін сақтау және жетілдіру;

- Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының үздік экспедициялық жасақтарын анықтау;

- экспедициялық жасақтардың туристік іс-әрекеттерін белсендіру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау;

- ақ пейілді, ашық, көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу. Шығыс Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени мұрасын ұлттық мақтаныш пәні ретінде дәріптеу.

Слетті өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

2. Слетті ұйымдастыру комитеті

5. Слетті ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Слеттің дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Слетқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

- Слетті өткізу барысындағы жарыстар мен конкурстардың қазылар құрамын құрады және бекітеді;

- іс-шараның түрлерін, өткізу формасын анықтайды;

Слеттің қорытындысын талдайды және жалпылайды;

- Слеттің дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

3. Слет қатысушылары

6. Слетқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 7-10 сынып оқушылары қатыса алады.

4. Слетті ұйымдастыру және өткізу тәртібі

7. Слет география және тарих бойынша бағдарламаны қамтиды.

8. Слет үш кезеңде өтеді.

Бірінші кезең– мектепішілік іріктеу (2 мамыр, 2018 жыл).

Мектепішілік іріктеу кезеңінің форматы:

1)       Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылған экологиялық экспедиция есебінің сараптамалық бағасы. Есепте таңдаған тақырыптың мазмұны мен өзектілігі, бұл зерттеуге қосқан тәжірибелік үлесі, көрсету материалдары (макеттер, модельдер,бейне, т.б.) қамтып көрсетіледі;

2)       Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылған туристік экспедиция есебінің сараптамалық бағасы. Есепте бағыт картасы, өлкетану нысандары, бағыттың рөлі және маңызы, ерекшелігі,көрсету материалдары (суреттер, оның ішінде экспедицияға қатысуын дәлелдейтін, сапарға шығу жөнінде анықтама және т.б.).

Сараптау комиссиясының құрамын мектеп анықтайды.

Слеттің мектепішілік іріктеу кезеңінің жеңімпаздары аудандық/ қалалық іріктеу кезеңіне қатысады.

Екінші кезең – аудандық/қалалық іріктеу (10 мамыр, 2018 жыл).

Аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің форматы:

1) Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылған экологиялық экспедиция қорытындысы бойынша презентация. Презентация ұзақтығы 7 минуттан артық емес;

2) Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылған туристік экспедицияға қатысу қорытындысы бойынша ізденіс-зерттеу жобаларының конкурсы;

Қазылар құрамын білім бөлімі анықтайды: география, тарих, биология пәндері мұғалімдері.

Слеттің аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.

Үшінші кезең– облыстық (маусымның 2-3 он күндігі, 2018 жыл «Дарын» ШҚӨҒПО базасында, Таулы Үлбі).

9. Қатысушылардың келу күні маусымның 2 он күндігі, қайтуы – маусымның        3 он күндігі.

10. Слетқа қатысу (1 Қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген сұранысты 2018 жылғы 14 мамырға дейін мына мекен-жайға жіберуге болады:Өскемен қ., Абая к.21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

Сұранысқа қоса тіркеледі:

1) мектепішілік іріктеу кезеңін аудан/қалада ұйымдастыру және өткізу туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген қорытынды есеп (2 Қосымша);

2) аудандық/қалалық іріктеу кезеңін ұйымдастыру және өткізу туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген қорытынды есеп (3 Қосымша);

3) аудандардан/қалалардан келген қатысушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, оқушылар командасын алып жүрушінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;

4) қатысушыларды тіркеу үшін толтырылған анкета (4 Қосымша).

11. Әр аудан/қала командаларының, мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 9 адам: 8 қатысушы (6 ұл, 2 қыз) және топ жетекшісі.

12. Топ жетекшісі Слетке қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұрғылықты жеріне дейінгі қайтар жолындағы өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.

13. Өскемен қаласына (жиналу орнына) келіп жеткен соң, топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

1) Слетке қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымдарының мекен-жайы, үйінің мекен-жайы, үй телефоны, ұялы телефоны, топты алып жүруші жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);

3) эпидемиялогиялық ортаға арналған анықтама (әр қатысушыға);

4) дәрігердің қолы қойылған және мөр басып расталған рұқсат-анықтама (физикалық даму жасына сәйкес денсаулық тобы - 1 топтағы балалар, созылмалы аурулары жоқ, дені сау балалар);

5) қатысушының жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.

14. Қатысушылардың киімдері ауа-райы жағдайларына сәйкес және қозғалысты шектемеуі тиіс: екі жұп ұзын спорттық шалбар, кардиган, екі жұп жылы шұлық, екі жұп қолғап, іш киім, қосалқы іш киімдер. Екі жұп аяқ-киім. Аяқ-киім спорттық немесе туристік болуы қажет (кроссовкалар немесе бәтеңке). Бас киім міндетті болып табылады ( капюшон бас киім болып саналмайды)

5. Слетті өткізу шарттары

15. Слетті ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді:

- жаяу сапарда және Ертіс бойымен ағу кезіндегі қонуды қоспағанда Слет қатысушыларының бөлмелерде тұруын. Жаяу сапарда және Ертіс бойымен ағу кезіндегі тұрулары берілген туристік палаткалармен қамтамасыз етіледі.

- Слет қатысушыларының бір ортадан үш рет тамақтануы (келген күні – түскі және кешкі тамақ, қайту күні – таңертеңгі тамақ);

- Слет қатысушыларын жазатайым оқиғалардан сақтандыру;

- Слетке қатысушылар үшін жабдықтар мен құралдар;

- конкурстар, ойындар, жарыстар өткізу;

- Экспедиция бағыты бойынша өтетін жол: Берель қорғандары. Марал өсіруші шаруашылыққа. Ара ұялары. Рахман қайнары, Ақ Тау (Мұзтау), Баян Сұлу және Қозы Көрпеш ескерткіші, Семейдегі Жидебай тарихи мұражайы, Қоңыр әулие үңгірі, Қиын Керіш алабы, Алтын құмдар, Марқакөл қорығы, Мойнақ шатқалындағы петроглифтер галереясы, Ақбауыр, Аблаинкит, Сібе көлдері, Семей қаласының көрікті жерлері, Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды Абай мұражай-қорығы, Ф.М. Достоевскидің Әдеби-Мемориалды мұражайы.

- Слетке қатысушыларды трансферттеу кезінде МАИ ілесіп жүруі;

- медицина қызметкерлерінің, ғылыми жетекшілердің, нұсқаушылар мен бағыттаушылардың Слет қатысушыларымен ілесіп жүруі;

- «Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында баяндама өткізу;

- «Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы», «Экспедицияның мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу қорытындысы бойынша презентациялауға дайындау алгоритмі» тақырыптарында оқушыларды шеберлік-сыныптарында оқыту;

- оқушыларды «Жаяу жүру туризмінің техникасы» оқу-тәжірибелік сабағында оқыту – жаяу жүру, ұзақтығы 2 тәулікке дейін;

- оқушыларды «Су туризмінің техникасы» оқу-тәжірибелік сабағында оқыту. Ертіс өзенінің бойымен ағу, ұзақтығы 2 тәулік;

- оқушыларды «Бағдарлау», «Топография», «Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету», «Құзға шығу», «Құтқару жұмыстары» оқу-тәжірибелік сабақтарында оқыту.

16. Слетке қатысушылар жеке және топтық жұмыстарды келесі бөлімдер бойынша ұсынады:

1)«Топтың визитка карточкасы» - топтық қатысу. Көрсетілім ұзақтығы –   5 минут.

Конкурсты қазылар алқасы келесі критерийлерді: мазмұны, тақырыптың толық ашылуы, орындау сапасы, реттелгендік, ойынға төселгендік, көрсетілімнің безендірілуі (музыкамен сүйемелдеу, костюмдер, реквизит) ескере отырып, он ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Музыкалық және дикторлық жағдайды техникалық құралдармен сүйемелдеу команданың өздігінен қамтамасыз етіледі.

2)Өңірде жүзеге асырылған туристік экспедицияға қатысу қорытындысы бойынша «Шығыс Қазақстан облысы туристік бағытының үздік жобасы» ізденіс-зерттеу жұмыстарының жобалар конкурсы командадан 1 қатысушы.

Автордың жұмысты қорғауына 7 минутқа дейін (қорғау үшін – 5 минут, сұрақтарға – 1-2 минут) уақыт беріледі.

Ізденіс-зерттеу жұмыстарының жобалар конкурсын қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып: мақсатқа қолжетімділік, ақпараттық талдануы, бағыт картасы, өлкетану нысандары, бағыттың рөлі, маңыздылығы және ерекшеліктері, көрсету материалдары (суреттер, оның ішінде экспедицияға қатысуын дәлелдейтін, сапарға шығу жөнінде анықтама және т.б.) жүргізілген зерттеулердің дәрежесі мен көлемі, алға қойған міндеттердің нәтижелілігін, жалпылануын ескере отырып, он ұпайлық жүйе бойынша бағалайды.

3) «Terra Incognita» тәжірибелік-бағыттау кезеңі – командадан 3 қатысушы.

Қатысушылар тапсырмаларды жергілікті жерде орындайды.

Тәжірибелік-бағыттау кезеңін қазылар алқасы ұпайларды жинау қағидасымен он ұпайлық жүйе бойынша бағалайды.

4) облыста жүзеге асырылған экологиялық экспедицияға (5 күннен кем емес) қатысу қорытындысы бойынша «Туған өлке экологиясы» презентациясын қорғау - әр командадан 1 қатысушы.

Қорғау уақыты – көрсету материалдарын (макеттер, модельдер,бейне, т.б.) пайдалана отырып, 7 минуттан артық емес. Қатысушы таңдап алған тақырыбының мазмұнын және өзектілігін, бұл зерттеуге қосқан тәжірибелік үлесіне қысқаша мінездеме береді.

Презентацияларды қазылар алқасы келесі критерийлерді: зерттеу мәселесінің өзектілігі, жүргізілген зерттеулердің көлемі мен дәрежесі, алға қойған міндеттердің нәтижелілігі, зерттеу жаңашылдығы, бұл зерттеуге қосқан тәжірибелік үлесі, көрсету материалдарын пайдалана білуін ескере отырып, он ұпайлық жүйемен бағалайды.

5) «Экологиялық соқпақ» конкурсы» - командадан 3 қатысушы.

Қатысушылар ұсынылған жердің бағытымен соқпақты өтіп, плакатқа шартты белгілермен экологиялық картаны жасайды. Карта А5 форматты плакатқа безендіріледі. (Слеттің Ұйымдастыру комитеті плакатты конкурс алдында береді). Қатысушылар жергілікті жерді бақылайды және зерттейді: өсімдіктер әлемі мен жануарлар әлемін, экологиялық бүлінулерді, дәрілік өсімдіктерді іздеу («Жасыл аптека»).

Конкурс он ұпайлық жүйемен бағаланады.

6) «Біріктірілген туризм» жаяу жүріс сапары – командалар тапсырманы жергілікті жерде орындайды.

Қатысушылар жаяу жүріс-сапарды бір күнге қонуға келумен далалық жағдайда жасайды. Жаяу-сапар туристік техникалар мен тактикалар, бағдарлау, топография, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, құзға шығу және құтқару жұмыстарының элементтері кіретін туристік сапар ретінде өтеді.

Бағыт кезінде командалар дистанциялардан қауіпсіз өтудің әдістері мен тактикаларын өз беттерімен таңдай отырып, әр түрлі кедергілерден өтеді,

Жаяу жүріс-сапары кезеңі ұпайларды жинау қағидасы бойынша өтеді. Әр кезеңді өтуге бақылау уақыты белгіленеді. Команданың артықшылығы кезеңді жылдам өткеніне байланысты болмайды.

Жаяу жүріс-сапарын қазылар отыз ұпайлы жүйемен бағалайды.

7) «Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің лабиринті» өлкенің тарихи және мәдени нысандарын білуге арналған квест–командалық қатысу.

Квестті қазылар командалардың нақты жауабын ескере отырып, бес ұпайлық жүйемен бағалайды.

8) «Мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу бойынша экспедицияның қорытынды есебі» презентациялары – командалық қатысу.

Презентация уақыты – көрсету материалдарын (суреттер, бейне, оның ішінде экспедицияға қатысуын дәлелдейтін, т.б.) пайдалана отырып, 5 минуттан артық емес.

Презентацияны қазылар алқасы келесі критерийлерді: мақсатқа қолжетімділігі, ақпараттық талдануы, мәдени-тарихи және географиялық нысандар, ерекшелігі, рөлі және маңызы, көрсетілім материалдары, экспедицияның нәтижелілігі, жалпылануын ескере отырып, он ұпайлық жүйемен бағалайды.

17. Сабақтарды, конкурстарды және презентацияларды өткізу кезінде Слет қатысушылары ілесіп жүрушілер мен нұсқаушылардың өкімдерін орындауға міндетті. Техникалық қауіпсіздік пен тәртіпті бұзғаны үшін қатысушыға және командаға айыппұл ұпайлары салынады. Техникалық қауіпсіздік пен тәртіпті өрескел бұзған қатысушы және команда дискваликвалификацияланады.

Ұйымдастыру комитеті нақты шарттарға байланысты Слет бағдарламасын түзетуге құқылы.

6. Қорытынды шығару және Слет қатысушыларын марапаттау

18. Слет жеңімпаздары номинациялар бойынша дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

Жалпыкомандалық орындар номинациялар бойынша жинаған ұпайлар жиынтығымен анықталады.

Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына: өлкетанушы ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, тәжірибесі мол спортшы туристер кіреді

7. Слетті қаржыландыру

19. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.

Слетке қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жүріп өту) жіберуші жақ есебінен төленеді.

1 Қосымша

«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетіне қатысуға тапсырыс

 

Номинация

Қатысушының тегі, аты

Аудан/қала

 

Білім беру ұйымы

Сыныбы

Үй және ұялы ителефонының нөмірі

Жетекшінің тегі, аты, әкесінің атыЖетекшінің лауазымы

Жетекшінің ұялы телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Экологиялық экспедицияға қатысу қорытындысы бойынша«Туған өлке экологиясы» презентациясын қорғау

 

 

 

 

 

 

 

2.

«Экологиялық соқпақ» конкурсы

 

 

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

 

 

4.

 

 

 

 

 

 

 

5.

Өңірде жүзеге асырылған туристік экспедицияға қатысу қорытындысы бойынша «Шығыс Қазақстан облысы туристік бағытының үздік жобасы» ізденіс-зерттеу жұмыстарының жобалар конкурсы

 

 

 

 

 

 

 

6.

«Terra Incognita» тәжірибелік-бағдарлау кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

7.

 

 

 

 

 

 

 

8.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қосымша

 «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетінің мектепішілік іріктеу кезеңін

өткізу қорытындысы

_____________________ауданында/қаласында, 2 мамыр, 2018 жылы

 

Білім беру ұйымының атауы

Қатысушылардың жалпы саны

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

1.

   

 

 

2…

   

 

 

Аудан/қала бойынша қорытынды:

 

 

 

 

3 Қосымша

«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетінің аудандық/қалалық іріктеу кезеңін

өткізу қорытындысы

_____________________ауданында/қаласында, 10 мамыр, 2018 жылы

 

Білім беру ұйымының атауы

Қатысушылардың жалпы саны

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

1.

   

 

 

2…

   

 

 

Аудан/қала бойынша қорытынды:

 

 

 

4 Қосымша

«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетіне қатысушының

АНКЕТАСЫ

 

1.

Сіздің есіміңіз және тегіңіз

 

2.

Сіздің үй және ұялы телефоныңыздың нөмірі,                e-mail

 

3.

Сіздің жасыңыз

 

4.

Сынып

 

5.

Білім беру ұйымы

 

6.

Аудан/қала

 

7.

Сіздің негізгі біліктілігіңіз

(таңдаған нұсқаңыздағы жауабы бар шаршыны бояңыз)

1) тілдерді білу:

o- казақ тілі

o- орыс тілі

o- басқа тілдер

2) топпен жұмыс істеу тәжірибеңіз

o- иә

o- жоқ

3) экспедицияға қатысу тәжірибеңіз

o-  иә(қайсысында көрсетіңіз)

______________________________

______________________________

______________________________

______________________________

______________________________

______________________________

o- жоқ

4) хоббиіңіз (көрсетіңіз)

______________________________

______________________________

______________________________

8.

Сіздің қызығушылық салаңыздың аумағы?

 

9.

Сіз не себепті «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слетіне қатысқыңыз келеді?