Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 7-10 сыныптар арасында туристік экспедициялық жасақтардың «Менің Отаным - Қазақстан»облыстық Слеті (бұдан әрі - Слет) өткізілетінін назарларыңызға салады.
Слет мақсаты – балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетануды дамыту, туристік дағдылар мен қабілеттерді, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және дамыту, оқушыларды тарих, география, Шығыс Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті жөнінде оқып үйрету және білімдерін кеңейту, жас ұрпақ бойында патриотизм мен азаматшылық сезімін тәрбиелеу.
Слет үш кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең– мектепішілік іріктеу (2 мамыр, 2018 жыл);
- екінші кезең – аудандық/қалалық іріктеу (10 мамыр, 2018 жыл);
- үшінші кезең– облыстық (2018 жылы маусымның 2-3 онкүндігі, «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында, Таулы Үлбі);
Слеттің өткізілуі туралы толық ақпарат vk_daryn@mail.ru сайтында орналасқан.
Слетқа қатысу туралы білім бөлімдері басшыларының, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұранысты 2018 жылғы 14 мамырға дейін келесі мекенжайға жіберіледі:Өскемен қ., Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.
Өтінішке іріктеу айналымының қорытындылары бойынша есеп құжаттамасын Слет талаптарына сәйкес тіркеу қажет.
Қосымша: 9 парақта.
Қосымша ақпарат (7232) 70-02-44 телефоны бойынша.