+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы өткізу туралы
13 Сәу, 12:30

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2018 жылы 5 мамыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетінін назарларыңызға салады.

Олимпиада С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында 6-11 сынып оқушылары арасында өтеді.

Олимпиада мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.

Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:

- бірінші кезең - мектепішілікіріктеу (2018 жылғы 19 сәуір);

- екінші кезең - аудандық (қалалық)іріктеу (2018 жылғы 25 сәуір);

- үшінші кезең - облыстық (2018 жылғы 5 мамыр).         

Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары облыстық мамандандырылған мектеп директорлары 2018 жылдың 26 сәіуріне дейін   «Дарын» ШҚ ӨҒПО-ға, vk_daryn@mail.ru электронды поштасына есепті, қатысуға сұранысты қосымшаға сәйкес жіберу қажет.

Олимпиаданың ережесі www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Әрбір қала / ауданнан облыстық кезеңге 10 адамнан тұратын команда (1 команда жетекшісі және 9 қатысушы) беріледі.

Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін есепті қарастырылмайды.