+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Зияткер» желілік кешені мектептерінің балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
13 Сәу, 12:25

2017 жылы 14 сәуірде  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Зияткер» желілік мектеп кешенінің балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізуді жоспарлауда.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

- инженерлік-техникалық шығармашылықты дамыту;

- балалардың техникалық әлеуетін, құрастыру және өнертапқыштық қабілеттерін анықтау және дамыту, оларға қолдау көрсету;

- педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру;

- қоғамның инженерлік-техникалық әлеуетін дамытудағы мәселелерге қоғам назарын аудару.

Олимпиадаға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан                       «Дарынды мектеп» кешенді жобасын жүзеге асыру аясында ашылған облыстың «Зияткер» желілік кешен мектептерінің 1 сынып және мектепалды дайындық сыныптарының тәрбиеленушілері қатысады.

Олимпиада аясында ІІ облыстық «Сыныпта және сыныптан тыс қызмет құралдары арқылы инженерлік ойлауды дамыту мен білім берудегі жаңа тәсілдер: тәжірибе, мәселелер, болашақ»  ғылыми-тәжірибелік конференциясы (бұдан әрі - Конференция)өткізіледі.

Олимпиада Өскемен қаласы, Новаторлар көш., 9а (Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей) мекенжайында өтеді.

Конференцияға және Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу – сағат 08.30-да.

Олимпиаданың ашылуы – сағат 09.30-да.

Олимпиаданың жабылуы қатысушыларды марапаттау салтанатын қамтиды.

Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ.,     Абай даңғылы, 21 «Дарын» ШҚ ӨҒПО тел.: 8/7232/ 55-20-12, 70-02-44.