+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ғарыштық зерттеулер бойынша оқушылардың «Ғылым әлемін ашамыз» XIV Халықаралық ғылыми жарыстарының қорытындысы
13 Сәу, 12:18

Ғарышкерлер күнін мерекелеу қарсаңында 2018 жылдың 4-8 сәуірі аралығында әлемдегі түңғыш және ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының орталығы бойып саналатын Байқоңыр қаласында ғарыштық зерттеулер бойынша оқушылардың «Ғылым әлемін ашамыз» XIVХалықаралық ғылыми жарыстары өтті.

ШҚО командасын облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің оқушылары – төрт жас зерттеуші ұсынды. Жарыс «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және Ғаламның эволюциясы», «Күн жүйесі» секцияларының біріне қатысудан тұрды.

Жарыстардың қорытындысы бойынша біздің дарындылар келесі нәтижелер көрсетті:

II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

Абраимов Қанат – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Мурзаканов Султан – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Спиридонов Александр – Глубокое ауданы, Уваров орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

IIIдәрежелі дипломмен мапаратталған:

Ералықызы Алинура – Семей қаласы, №27 орта мектептің 11 сынып оқушысы.

Қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылып, оның аясында балалар В.Н. Челомей ат. Халықаралық ғарыш мектебіне, Ғарышкерлік мұражайына, Қалалық мұражайға, Байқоңыр қаласының тарихи және мемориалдық жерлеріне саяхаттады.

 

Жүлдегерлерді, олардың мұғалімдерін және ата-аналарын құттықтаймыз!

Табыс пен жеңістер тілейміз!