Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, дарынды балаларды және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды анықтау және жанжақты қолдау, олардың шығармашылық өзін-өзі жетілуіне жәрдемдесу, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 7 сәуірінде «Білім жолы» Республикалық зияткерлік марафонының облыстық кезеңі өтті.
Марафонның ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, «UCMAS KAZAKHSTAN» Менталды арифметика халықаралық орталығы.
Оған облыс мектептерінің 1-2 сынып оқушылары, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатысты.
Зияткерлік марафон – балалар үшін ол жарқын саяхат, жарыстың қобалжулы сәті. «Білім жолының» әр бекетінде кішкентай зияткерлерді және болашақ тұңғыш өнертапқыштарды математикадан, логикадан, өзін-өзі танудан, әдебиеттен, табиғаттанудан және тілдерден қызықты тапсырмалар тосты.
Марафонның ең жас қатысушылары «Театр», «Discovery», «Шығармашылық», «Квест» және «Спорттық» бекеттерде өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
Әр қатысушы өзін танытып, қатысудан шаттық алды, өз мүмкіндіктерін сезініп, мектептегі оқу қуаныш әкеліп, қызықты, ал ең бастысы – пайдалы болатындығына көзі жетті.
Марафонның қорытындысы бойынша қатысушылар командасы келесі номинацияларда марапатталды:
«Білім құмарлар» номинациясында – Өскемен қаласы,№14 нашар көретін балаларға арналған мектеп-балабақша кешенінің командасы;
«Жарқын жұлдызшалар» номинациясында – Өскемен қаласы,№4 «Сәулетай» балабақшасының командасы;
«Жас өркен» номинациясында – Өскемен қаласы, сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №62 мектеп-балабақша кешенінің командасы;
«Табиғат жанашырлары» номинациясында – Өскемен қаласы, «Күншуақ» балабақшасының командасы;
«Жас полиглоттар» номинациясында – «Бипек Авто» баланы дамыту орталығының командасы;
«Жас білгірлер» номинациясында - Өскемен қаласы, №106 «Қарлығаш» балабақшасының командасы;
«Алғырлар мен тапқырлар» номинациясында – Өскемен қаласы, №9 «Арман»балабақша-бөбекжайының командасы;
«Алғашқы қадам» номинациясында – Өскемен қаласы, «Мирас» балабақшасының командасы;
«Жас математик» номинациясында – «UCMAS» халықаралық зияткерлік дамыту академиясының командасы;
«Жыл жаңалығы» номинациясында – Өскемен қаласы, №47 орта мектептің командасы;
«Жас данышпандар» номинациясында – Көкпекті ауданының құрама командасы;
«Жас данагөйлер» номинациясында – Жарма ауданының командасы;
«Жас эрудит» номинациясында – Өскемен қаласының құрама командасы;
«Жас дарындылар» номинациясында – Өскемен қаласы, «Education Plus» балаларды дамыту орталығының командасы;
«Жыл серпілісі» номинациясында – Өскемен қаласы, «Нұрорда» мектеп-лицейінің командасы.
Жас таланттар сыйлықтар және тәтті жүлделер, сонымен қатар білім беру орталықтарында оқуға сертификаттар алды.
Барлық қатысушыларды және жетекшілерді құттықтаймыз! Табыс пен шығармашылық белсенділік тілейміз!