2018 жылдың 7 сәуірінде Өскемен қаласында республикалық «Білім жолы» зияткерлік марафонының облыстық кезеңі өтеді.
Шараның мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және ізденіс сипаттағы есептерді шығару қабілетін, жетістік/кемшілік себептерін түсіну және құрылымды әрекет ету икемдерін анықтау, дамыту және қолдау.
Шара жас мөлшеріне қарай екі санатта өткізіледі: мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептердің 1-2 сыныптары, инклюзивті сыныптар (денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар). Марафон қызықты, шығармашылық тапсырмаларды қамтитын келесі бекеттерден тұрады: «Өзін-өзі тану», «Әдебиет», «Рухани жаңғыру», «Полиглот», «Логика», «Discovery», «Квест», «Математика», «Шығармашылық», «Спорттық», «Театр», «Математика және логика», «Табиғаттану».
Марафонның мазмұны мен өткізу шарттары әр қатысушыға өзін көрсетуге, қатысудан рахат алуға, өз мімкіндіктерін сезінуге және мектептегі оқудың қызықты әрі қуаныш әкелетіндігін және ең бастысы пайдалы екендігін сезінуге мүмкіндік береді.
Марафон үш бөлімнен тұрады:
1. Қатысушыларды маршруттық параққа сәйкес бекеттер бойынша тіркеу және тарату.
2. Конкурстық бөлім (басталуы 10:00)- қатысушылар командаларының - (маршрут парағына сәйкес) тапсырмалары бар «станциялардан» өтуі.
3. Салтанатты жабылуы (басталуы 14:00). Қатысушыларды марапаттау салтанаты.
Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жалпы есеп бойынша жеңімпаздар Ұйымдастыру комитетінің дипломдары және сыйлықтарымен марапатталады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласында 2018 жылдың 20 сәуірінде өтетін республикалық кезеңге қатысады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын 2018 жылы 7 сәуірінде №47 орта мектепте (Өскемен қ., Комсомол, көшесі, 43/1) базасында өтетін Марафонға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет:
8/7232/70-02-44, 55-20-12, 8-777-595-75-58 («Дарын» ШҚ ӨҒПО).