Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2018 жылғы 11-12 сәуіраралығында Өскемен қаласында Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен олимпиаданың облыстық кезеңін өткізеді.
Ж. Күшікұлы (1863-1933) - көкірегі ояу, көзі ашық, сонымен бірге таптырмайтын дәрігер, өз ісінің шебері ретінде ШҚО-да танымал. 1881-1885 жылдары Омбы фелдшерлік мектебінде медициналық білім алады. Мектепті тәмамдаған соң әскери дәрігер, губерния хатшысы қызметін атқарады, ал 1909-1920 жылдары Семей өңірінде болыстық қызмет атқарады.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, ғылыми дүниетанымды дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.
Олимпиадаға облысымыздың білім беру ұйымдарынан аудандық/қалалық кезеңнен өткен 9 - 11 сыныптың 200 оқушысы қатыса алады.
Олимпиаданың облыстық кезеңі 2 айналымнан тұрады: 1 айналым – теориялық (тестілеу); 2 айналым – практикалық (олимпиадалық тапсырмаларды шешу).
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болады. Барлық олимпиада қатысушыларына сертификаттар беріледі.
Өту орыны: химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі», (Өскемен қ., Қ. Сатпаев даң., 53 )
Қатысушыларды тіркеу – 2018 жылғы 11 сәуір, сағат 13:30-де. Олимпиаданың басталуы – сағат 14:00 -де.
Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі Протазанов көш., 55 мекенжайында орналасқан Орталық мәдениет үйінде 2018 жылы 12 сәуірде, сағат 16:00-де өтеді.
Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды жариялауға қызығушылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдарын аталған шараға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін 8777 595 75 58 (Айгерим) телефоны бойынша хабарласуға болады.