Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімді тереңдету және жетілдіру мақсатында облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін 2018 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті.
Олимпиада екі айналымда өткізілді:
- 1 айналым – эссе жазу;
- 2 айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектерін білу бойынша.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 27 оқушы жүлдегер атанды.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Мухаметкалиева Әдия – Көкпекті ауданы, Амангелді орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Бәдешов Жандос – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Бақытхан Таңнұр – Зайсан ауданы, Мүкарама атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;
- Дәулет Сая – Үржар ауданы, Найманбай атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;
- Қабидоллин Мейіржан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы;
- Ерболқызы Нұрлы – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы.
- Сулейменова Мадина – Күршім ауданы, Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Назибекова Адалжан – Зайсан ауданы, А. Орманбетов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы;
- Сейтбекова Ақбота – Күршім ауданы, №3 гимназияның 9 сынып оқушысы;
- Бағдатова Нұрайым – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 9 сынып оқушысы;
- Тұрсын Жансая – Аягөз ауданы, №5 орта мектептің 9 сынып оқушысы;
- Ерболатова Ділназ – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы;
- Шалхарова Риза – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 10 сынып оқушысы;
- Алмасбек Сая – Ұлан ауданы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;
- Жеңісова Мөлдір – Күршім ауданы, №3 гимназияның 10 сынып оқушысы;
- Ади Ұлпан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 11 сынып оқушысы;
- Дәулетбек Жаңанұр – Катонқарағай ауданы, Юбилейное орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Төлеуханова Әсел – Өскемен қаласындағы Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Асқарова Шынар – Жарма ауданы, Абай атындағы көпбейінді мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы;
- Әшімбаев Ербұлан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы;
- Адалбек Жәйдәр – Ұлан ауданы, Бозанбай орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Омарова Қымбат – Жарма ауданы, Б. Тұрсынов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;
- Қызырханова Дана – Аягөз ауданы, №6 орта мектептің 10 сынып оқушысы;
- Қарқынқызы Бота – Зырян ауданы, №9 орта мектептің 11 сынып оқушысы;
- Қадыржанова Меруерт – Риддер қаласындағы «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гиназиясының 11 сынып оқушысы;
- Ғазизхан Тәңірберген – Үржар ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы;
- Ғаббар Аида – Аягөз ауданы, Сарыарқа орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдер мен оқытушыларға алғысымызды білдіреміз.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ұстаздары мен
ата-аналарын құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!

