+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша республикалық олимпиада – 2018 қорытындысы
30 Нау, 12:57

Біздің облысымыздың зияткерлік элитасының жас өкілдері 2018 жылдың 23-31 наурызы аралығында Қостанай қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының командасында олимпиаданың іріктеу кезеңінен сәтті өткен 30 дарынды оқушы болды.

Республикалық олимпиада өзінің рухы мен мазмұны жағынан  президенттің «Зияткерлі ұлт – 2020» ұлттық жобасының идеясына сай келеді.

 Олимпиаданың қорытындысы бойынша ШҚО командасының 12 қатысушысы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен марапатталғандар:

- Егинбаев Бақдаулет – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы  (қазақ тілі мен әдебиеті);

- Құрманов Марғұлан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы).

ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталғандар:

- Бәдешов Жандос– Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

- Сергеев Алексей – облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларған арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

- Дикеш Шакарим – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (ағылшын тілі).

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталғандар:

- Маткаримова Мидель – Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

- Хакимов Жандос– Семей қаласы, №37 гимназияның 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

- Джанбосинова Виктория– Өскемен қаласы, жалпы білім беретін №12 орта мектептің 10 сынып оқушысы (неміс тілі);

- Елтайева Мадина– Өскемен қаласы, жалпы білім беретін №12 орта мектептің 10 сынып оқушысы (неміс тілі);

- Коровина Юлия– Глубокое ауданы, Уваров орта мектебінің 11 сынып оқушысы (орыс тілінде оқитын мектептердегі қазақ тілі);

- Нұрадиева Гүлнара – Глубокое ауданы, Прапорщиково орта мектебінің 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқитын мектептердегі орыс тілі);

- Қайратқызы Дана – Өскемен қаласы, О. Бөкей атындағы № 44 лицейдің 10 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқитын мектептердегі орыс тілі).

Жалпы командалық есепте Шығыс Қазақстан облысы екінші орын иеленді және «Үздік олимпиадалық команда – 2018» атанды.

Біздің облысымыздың білім беру саласына қосқан үлесі және біздің республикалық кезеңнің жеңімпаздары мен жұлдегерлерін дайындағаны үшін келесі мұғалімдерге алғыс айтамыз:

-  Жолжақсынова Аида Аминғазықызына – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғаліміне;

-  Қанатбеков Жалын Қанатбекұлына – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің тарих мұғаліміне;

- Аймухамбетова Жанна Намазбаевнаға – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғаліміне;

- Пимонова Наталья Петровнаға – облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларған арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің ағылшын тілі мұғаліміне;

- Шакиртов Ринат Сериковичке - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің ағылшын тілі мұғаліміне мұғаліміне;

- Виллануева Жанинге – «Нұрорда» мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғаліміне;

- Кармысова Рыс Окметхановнаға – Семей қаласы, №37 гимназияның ағылшын тілі мұғаліміне;

- Шимолина Ирина Валерьевнаға – Өскемен қаласы, жалпы білім беретін №12 орта мектебінің неміс тілі мұғаліміне;

- Акатаева Майра Джумабековнаға – Глубокое ауданы, Уварово орта мектебінің қазақ тілі және әдебиетінің мұғаліміне;

- Амиржанова Мария Муканаевнаға – Глубокое ауданы, Прапорщиково орта мектебінің орыс тілі және әдебиетінің мұғаліміне;

- Садыкова Багжамал Унарбековнаға – Өскемен қаласы, О. Бөкей атындағы №44 лицейдің орыс тілі мен әдебиет мұғаліміне.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ұстаздары мен  ата-аналарын құттықтаймыз!

Табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!