+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бала дамуына ерте үлес қосу – болашақтағы табыс кепілі
30 Нау, 12:18

Ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылықтарын дамыту, оқушылардың оқу сабақтарын оқуға қызығушылықтарын ынталандыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында 2018 жылдың 26-28 наурызы аралығында бастауыш мектеп оқушыларының «Балдырған» облыстық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға облыс қалалары мен аудары мектептерінің 3-4 сыныптарынан 450-ден астам оқушы қатысты.

Әр жас олимпиадашы пәндер бойынша өздерінің жақсы білімдерін көрсетуге тырысты. Есептерге байланысты сұрақтарға қызығушылық, алғашқы өз бетімен жасалған ашылулар балаға жағымды әсер етеді және түрлі оқу пәндеріне қызығушылықтарын арттырады. Олимпиада балаға өзін «ашуға», қоршаған ортада бекітіліп қалуына мүмкіндік береді.

2018 жылдың 28 наурызында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің акт залында бастауыш мектеп оқушылары олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 185 жас дарындар жүлделі орындарды иеленді, оның ішінде І орын - 45, ІІ орын - 46, ІІІ орын - 94.

 

Олимпиаданың жас жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Шығармашылық табыстар пен жеңістер тілейміз!