2018 жылдың 15-20 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Атырау қаласындағы Х. Досмухамед атындағы Мемлекеттік Университетінің базасында жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.
Шараның өткізілу мақсаты – ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды дамытуға қажетті жағдай жасап, халықаралық олимпиадаларғ ақатысуға оқушыларды іріктеу және дайындау.
43 қатысушы ШҚО командасы атынан барды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларынан:
І дәрежелі дипломдармен:
- Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Мағауин Расұл;
- Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Майқанов Бұлан;
- Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Жанатов Ғалымжан;
- Өскемен қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Көпенов Нұрлыхан;
- Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Серік Талғар;
- Өскемен қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Байболов Темірлан.
ІІ дәрежелі дипломдармен:
- Өскемен қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Искендиров Алмас;
- Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Рахимгалиев Нуржан;
- Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Алибеков Мансур;
- Өскемен қаласындағы №38 гимназиясының 11 сынып оқушысы Самарханова Диана;
- Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Архатов Арыстан;
- Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Чарахметов Арафат.
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
-Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Жұмағалиев Заңғар;
- Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Қадырболатов Ердос;
- Семей қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Есенов Санжар;
- Өскемен қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Еркимбеков Алишер;
- Өскемен қаласындағы мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Ботақанов Төрежан марапатталды.
Сонымен қатар жалпыкомандалық екінші орын және «Үздік олимпиадалық команда - 2018» номинациясымен марапатталды.
Қатысушылар олимпиада кезінде қаланың оқу орындарымен, мәдени және тарихи жерлерімен, ескерткіштерімен танысып, әртүрлі тренингтар мен спорттық шараларға қатысты.
Оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз!
Табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!






