+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасы өткізу туралы
20 Нау, 16:51

2018 жылдың 26-28 наурызы аралығында Өскемен қаласында 3-4 сынып оқушыларының арасында облыстық «Балдырған» олимпиадасы өткізіледі.

Ұйымдастырушылар:

- Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы;

- Шығыс-Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.

Олимпиаданың негізгі мақсаты ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дәрежесін жоғарлату, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау, жетістікке жетуге уәждеме қалыптастыру болып табылады.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің  3-4 сынып оқушылары қатысады.

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі:

- Қазақ тілі мен әдебиеті;

- Орыс тілі мен әдебиеті;

- Орыс мектептеріндегі қазақ тілі;

-.Қазақ мектептеріндегі орыс тілі;

- Ағылшын тілі;

- Математика;

-.Дүниетану

-.Бейнелеу өнері.

Олимпиада аясында қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама, психологиялық тренинг және қаланың мәдени жерлеріне бару ұйымдастырылады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болады.

Олимпиаданың салтанатты жабылуы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Серікбаев көшесі, 19, Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті (акт залы).

Басталуы: сағат 10.00-де.

Қосымша ақпарат алу үшін 8(7232)70-02-44; 8(7232)74-22-66 («Дарын» ШҚ ӨҒПО) телефондары бойынша хабарласуға болады.

Пошта: vk_daryn@mail.ru.