+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
19 Нау, 10:12

Республиканың барлық өңірлерінде 2018 жылдың 16 наурызында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың облыстық кезеңі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен өткізілді.

Олимпиаданың  мақсаты – оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің олипиадалық резервіне оқушыларды іріктеу.

Олимпиада тапсырмаларын 7 сыныптың оқушылары математика, физика, биология пәндерінен, 8 сыныптың оқушылары химия, информатика пәндерінен орындады.

Юниорлық олимпиада 2 айналымда өтті: тестілеу, олимпиада есептерін шығару және кейбір пәндерден тәжірибелік жұмыстар жасады.

Юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары 16-19 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.

 

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Табыстар мен жеңістер тілейміз!