+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО оқушыларының халықаралық «Жас ғалым» ғылыми конкурсына қатысу қорытындысы
13 Нау, 11:15

Республика мектептерінің оқушылары 2018 жылдың 26 ақпаны-2 наурызы аралығында Азияның инновациялық, көшбасшы университетінде, жоғарғы технологиялар Орталығы – Оңтүстік Корея, Дэджон қаласының Солбридж университетінде өткізілген халықаралық «Жас ғалым» ғылыми конкурсына қатысты.

Конкурстың мақсаты – зерттеу қызметіне қатысатын оқушыларды зияткерлік және тұлғалық дамыту. Біздің облысымыздың зияткерлері 1 күміс, 2 қола марапаттарын иеленді.

ІІ дәрежелі диплом иегері Қазбек Сабина – Өскемен қаласы, О. Бөкей атындағы №44 лицейдің 10 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар: Хосчанов Тимур – Өскемен қаласы, №4 орта мектептің 11 сынып оқушысы, Сайлаубеков Тимур – Өскемен қаласы, №47 орта мектептің 9 сынып оқушысы.

Біздің балаларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Табыс пен жоғары жетістіктер тілейміз!