Облыстың жас зерттеушілерінің өнертапқыштық қызметін насихаттау және қолдау мақсатында «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында 2018 жылдың 28 ақпаны-2 наурызы аралығында өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Қатысушылардың жобаларын қорғау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды: техникалық құрастыру; энергетика және электротехника; энергия үнемдеу технологиялары; робототехника, автоматика және зияткерлік жүйелер; авиация, ғарышкерлік және аэроғарыштық техника.
Конкурстың нәтижесі бойынша 23 қатысушы (19 жоба) жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
Ерұланов Аян, Карибаев Сұлтан – дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 7 және 9 сынып оқушылары (робототехника, автоматика және зияткерлік жүйелер);
Ержанов Дәулет – Тарбағатай ауданы, Жетіарал орта мектебінің 8 сынып оқушысы (энергетика және электротехника);
Измайлов Леонид – Глубокое ауданы, Уваров орта мектебінің 8 сынып оқушысы (техникалық құрастыру);
Жүніскенов Ермұхан, Маутхан Бейбарыс – Өскемен қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары (энергия үнемдеу технологиялары).
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
Пятков Никита, Чадоев Искандер – облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары (робототехника, автоматика және зияткерлік жүйелер);
Бондарев Владимир – Бородулиха ауданы, Киров атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (робототехника, автоматика және зияткерлік жүйелер);
Узунов Александр – Көкпекті ауданы, №1 Самар орта мектебінің 5 сынып оқушысы (авиация, ғарышкерлік және аэроғарыштық техника);
Мейірман Алуа – Өскемен қаласы, О. Бөкей атындағы №44 лицейдің 9 сынып оқушысы (энергетика және электротехника);
Новиков Владислав – Семей қаласы, №29 жалпы білім беретін орта мектептің 11 сынып оқушысы (техникалық құрастыру);
Нұрбек Ғасырбек – Жарма ауданы, К. Шакенов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы (техникалық құрастыру);
Мейрамбеков Саятбек, Даулетбаева Аружан – Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары (энергия үнемдеу технологиялары).
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
Олимқұлов Нұрсұлтан – Аягөз ауданы, №3 жалпы білім беретін орта мектептің 7 сынып оқушысы (робототехника, автоматика және зияткерлік жүйелер);
Бегімбетов Серікбол – Жарма ауданы, Георгиевка орта мектебінің 7 сынып оқушысы (робототехника, автоматика және зияткерлік жүйелер);
Қайратов Тілек – Семей қаласы, №22 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы (робототехника, автоматика және зияткерлік жүйелер);
Диденко Андрей – облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы (техникалық құрастыру);
Картышов Глеб – дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының 7 сынып оқушысы (техникалық құрастыру);
Азатбек Ғасыр – Зайсан ауданы, Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы (энергия үнемдеу технологиялары);
Шалқар Әділет – Бородулиха ауданы, Комаров атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы (энергия үнемдеу технологиялары);
Тоқтарбек Сабина – Тарбағатай ауданы, Ақмектеп орта мектебінің 8 сынып оқушысы (энергия үнемдеу технологиялары).
Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!Оларға табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!