2018 жылдың 1-3 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының окушылар командасы Алматы қаласындағы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика мен меxаникадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының xалықаралық конкурсына қатысып қайтты.
Халықаралық сайыстың мақсаты оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің жүйесін ұйымдастыру және инфрақұрылымын жетілдіру, сонымен қатар, математика ғылымына қызығушылық танытып жүрген, зерттеуге қабілетті оқушыларды анықтау болып табылады.
Халықаралық конкурсқа Қазақстан мен жақын шетелдерден 200-ден астам оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қоржынында 1 алтын және 1 күміс жүлде:
I дәрежелі дипломмен Өскемен қаласының №34 мектеп лицейінің 11 сынып оқушысы Гончаренко Никита;
II дәрежелі дипломмен Семей қаласының №38 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Тулюгалиева Амина марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте табыстар тілейміз!
ШҚО оқушыларының Ө. Жолдасбеков атындағы математика мен меxаникадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының xалықаралық конкурсына қатысу қорытындысы
12 Нау, 12:34