+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбиешілерінің кәсіби деңгейлерін арттыру» (балабақша және балалар үйінің тәрбиешілеріне), «Мектептегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (әлеуметтік п
06 Нау, 18:08

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы 8 ақпандағы №64/15-11-07 хатына сәйкес, 2018 жылдың 27-29 наурызы аралығында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті  педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы базасында «Мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбиешілерінің кәсіби деңгейлерін арттыру» (балабақша және балалар үйінің тәрбиешілеріне), «Мектептегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (әлеуметтік педагогтар және өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне) арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарларын өткізетінін назарларыңызға саламыз.

Семинарлардың мақсаты – балабақша тәрбиешілерінің кәсіби деңгейлерін арттыру; әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі инновациялық технологиялармен таныстыру, рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің ролі.

Семинарға балабақша тәрбиешілері, әлеуметтік педагогтар және өзін-өзі тану пәні мұғалімдері шақырылады. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Семинарға келу күні – 26 наурыз, қайту күні – 29 наурыз, сағат 17:00-ден кейін.

Әр қатысушыға 9 наурызға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/darynsemvesna сілтемесі бойынша онлайн - тіркелуден өту қажет.

Семинарға қатысу туралы сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен ұйымдастыру жарнасының төлемі туралы түбіртекті 2018 жылдың 9 наурызына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет:

Өтінім үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Қала/

аудан,

мектеп

Пәні, оқыту

тілі

Еңбек өтілі,

санаты

Байланыс телефоны

Қонақ үй қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы – 15 000 тг., тамақтану,жатын орны және барып-қайту жолы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.

Ұйымдастыру жарнасын келесіесеп-шотына аудару қажет:

РГКП «Дарын» РҒПО

БИН 990240007434

ИИК(IBAN) KZ566010111000021443

БИК HSBKKZKX

АО «НарСберБанк Казахстана» Астана қ.

КБЕ 16

Астана қ., Республика даңғылы, 34

КНП 861