+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті және оқу тілі қазақ тілінде жүргізілетін тарих, дінтану пәні мұғалімдеріне арналған оқу семина
06 Нау, 18:01

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2018 жылғы 19 ақпандағы №68/15-11-07 хатына сәйкес, 2018 жылдың 26-28 наурызы аралығында Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті және оқу тілі қазақ тілінде жүргізілетін тарих, дінтану пәні мұғалімдеріне арналған оқу семинарын өткізетінін хабарлаймыз.

Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Семинарға келу күні –25 наурыз, қайту күні – 28 наурыз, сағат 18:00-ден кейін.

Әр қатысушыға 9 наурызға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/darynsemvesna сілтемесі бойынша онлайн - тіркелуден өту қажет.

Семинарға қатысу туралы сұранысты, қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен ұйымдастыру жарнасының төлемі туралы түбіртекті 2018 жылдың 9 наурызына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 552012 факсы арқылы немесе vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Қала/

аудан,

мектеп

Пәні, оқыту

тілі

Еңбек өтілі,

санаты

Байланыс телефоны

Қонақ үй қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы – 15 000 тг., тамақтану, жатын орны және барып-қайту жолы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.

 

Ұйымдастыру жарнасын келесі есеп-шотына аудару қажет:

РГКП «Дарын» РҒПО

БИН 990240007434

ИИК(IBAN) KZ566010111000021443

БИК HSBKKZKX

АҚ«Қазақстан Халық банкі» Астана қ.

КБЕ 16

Астана қ., Республика даңғылы, 34

КНП 861