1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізу қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді айқындау тәртібін анықтайды.
2. Олимпиаданың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы болып табылады.
3. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері әскери қызметке қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, әскери білім беру беделін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әскери оқу орындарында оқуға дайындалған үміткерлерді анықтау және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу болып табылады.
Олимпиада қазақ тілінде және орыс тілінде өткізіледі.
2. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті
4. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізілу үшін ұйымдастыру (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- іс-шараларды өткізудің жалпы тәртібін бақылайды;
- өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- іс-шаралардың түрін,жүргізілу формасын бекітеді;
- өтінім және Олимпиадаға қатысуға қажетті құжаттарды қабылдайды;
- қазылар алқасының құрамын құрып бекітеді;
- конкурстық тапсырмалардың бірыңғай пакеттерін бекітеді;
- жұмыстарды шифрлауды және оларды қазылар алқасына беруді жүзеге асырады;
-қазылар алқасының есептерін қарайды;
- жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімдерін бекітеді;
- қорытынды есеп жасайды;
-.Олимпиаданы дайындау, өткізу барысын және нәтижелерді БАҚ-та жариялайды;
- Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Олимпиаданың қазылар алқасы:
- тапсырмаларды тексеруге және жұмыстарды бағалауға қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
- тапсырмаларды тексереді және жұмыстарын бағалайды;
- қатысушыларды тексеру және бағалау нәтижелерімен таныстырады;
- ұйымдастыру комитетіне жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімдерін бекіту үшін ұсынады;
- Ережеге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Олимпиадаға қатысушылар
6. Олимпиадаға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің «Шығыс ұландары» сыныптарының 5-6 сынып оқушылары және дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушылары денсаулығы 1 топтағы (дені сау, созылмалы аурулары жоқ, жас ережелігіне сай физикалық дамыған) қатыса алады.
Әрбір «Шығыс ұландары» сыныптарынан бір команда ұсынылады.
Команданың сандық құрамы – 2 қатысушы және 1 жетекші. Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты – 20 қатысушы және 1 жетекші.
Топ жетекшісі кездесуге келгенде, өткізу орнында және тұрғылықты жерге қайта оралуда Олимпиада қатысушыларының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауап береді.
7. Олимпиадаға келгеннен кейін жетекшіге ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы керек:
1) Олимпиадаға қатысу туралы бұйрықтың көшірмесі;
2) қатысушылар туралы мәліметтер (толық аты-жөні, туған жылы, сынып, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны, топ жетекшісінің толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);
3) медициналық анықтама (әрбір қатысушы үшін);
4) жеке куәліктің немесе қатысушының туу туралы куәлігінің көшірмесі.
8. Қатысушылардың әрбір тобы бірыңғай формасы мен логотипі болуы керек.
4. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
9. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең- сыныптар арасында іріктеу (2018 жылғы 7 наурыз).
Екінші кезең- облыстық (2018 жылғы 28-30 наурыз, Өскемен қ.).
10. Командалардың келуі 28 наурыз (14.00-ге дейін), кетуі-30 наурыз.
11. Олимпиадаға тіркеу және қабылдау білім беру ұйымы басшысының, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесідиректорының қолы және мөрімен расталған турде 2018 жылғы 12 наурызға дейін келесі мекенжайға жібереледі: Өскемен қ. Абай даңғылы, 21, «Дарын»ШҚ ӨҒПО, тел: 8 (7232) 700-244, e-mail: vk_daryn@mail.ru.
Өтінімге қатысушылардың: тегі, аты, сыныбы, оқу тілі, оқу орны және командалардың жетекшілерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, телефон нөмірі, Олимпиада қатысушыларын дайындаған мұғалімдердің тегі, аты, әкесінің аты жазылған тізім қоса жіберіледі.
12. Облыстық кезең екі айналымда өткізіледі:
1 айналым – теориялық – Қазақстан тарихы (5-6 сынып), физика (11 сынып), математика, қазақ немесе орыс тілдері және бастапқы әскери даярлық пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындау;
2 айналым – практикалық – бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесі бойынша нормативтерді орындау: жеке саптың даярлық, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау, кросс, жүгіру, белағашта тартылу.
5. Жұмысты бағалау критерийлері
13. Тест тапсырмалары орыс және қазақ тілдерінде жасалады. «Шығыс ұландары» сынып оқушыларына арналған тапсырмалардың мазмұны 5-6 сынып оқушылары үшін күрделілігі жоғары мектеп материалдарына сәйкес келуі керек, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты оқушылары үшін - 10-11 сынып күрделілігі жоғары.
14. Олимпиаданың тапсырмаларын орындау үшін максималды ұпай - 125 ұпай.
15. Қазақстан тарихы (5-6 сыныптар), физика (11-сынып), математика, қазақ / орыс тілдері және бастапқы әскери дайындық пәндері бойынша тест тапсырмасының орындалуы 100 ұпаймен бағаланады (әр пән бойынша 25 сұрақ). Әрбір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Тапсырманы орындау уақыты - 2,5 астрономиялық сағат.
Алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтыру нормативтерін орындау 25 ұпаймен (тиісінше 10 және 15 ұпай) бағаланады. Әрбір норматив 5 ұпаймен бағаланады.
6. Олимпиада жеңімпаздарды мен жүлдегерлерін марапаттау
16. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
17. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» ШҚ ӨҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамына педагогикалық оқу орындарының оқытушылары мен «Дарын» ШҚ ӨҒПО өкілдері кіреді.
7.Қаржыландыру
18. Іс-шараны бекітілген бағалауға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО қаржыландырады.
19. Олимпиада қатысушылары мен олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүру) жіберуші тарап есебінен төленеді.
№1 қосымша
«Сардар» облыстық кешенді олимпиадасына қатысуға өтінім
|
№ |
Қатысушының тегі, аты |
Аудан/қала |
Білім беру ұйымы |
Сынып |
Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты |
Жетекшінің лауазымы |
Жетекшінің ұялы телефон нөмірі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|