+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Сардар» облыстық кешенді олимпиадасын өткізу туралы
06 Нау, 17:11

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан     әрі – Орталық) 2018 жылдың 28-30 наурызы аралығында «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізетінің назарларыңызға салады.

Олимпиаданың мақсаты -  әскери қызметке қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту, әскери білімнің беделдігін насихаттау.

Олимпиадаға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің «Шығыс ұландары» сыныптарының 5-6сынып оқушылары қатысады.

Команданың сандық құрамы -  2 қатысушы және 1 жетекші.

Ш. Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Жас Ұлан» мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушылары IV Республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасына қатысу үшін шақырылады.

Команданың сандық құрамы -  20 қатысушы және 1 жетекші.

Облыстық кезең екі айналымда өткізіледі:

1 айналым - теориялық - тест тапсырмаларын орындау;

2 айналым - практикалық – алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтыру нормативтерін орындау.

Олимпиаданың ережесі қоса берілген, www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Қатысушылардың, жетекшілердің жатын орны мен қатысушылардың тамақтануы Орталық есебінен.  

Жетекшілердің тамақтануы жіберуші жақ есебінен.

«Шығыс ұландары» сыныптары бойынша аудандық/қалалық білім бөлімдерінің, Ш.Уәлиханов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Жас ұлан» мектеп-лицей-интернатының үйлестірушілері өтінімді төменде көрсетілген үлгі бойынша 2018 жылғы 12 наурызға дейін  vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Тапсырыс үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

 

Аудан/қала

Мектеп

Сынып

Оқу тілі

Жетекшінің аты-жөні

Жетекшінің лауазымы

Жетекшінің байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

7

8

9