+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Зияткер» желілік мектеп кешенінің балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасын өткізу туралы
06 Нау, 16:22

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2018 жылы 14 сәуірде «Дарынды мектеп» кешенді жобасын жүзеге асыру аясында ашылған «Зияткер» желілік мектеп кешенінің балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасы (әрі қарай – Олимпиада) өткізілетіндігін назарларыңызға салады.

Олимпиаданың мақсаты – балалардың инженерлік-техникалық әлеуетін ынталандыру және политехникалық ой-өрісін кеңейту.

Олимпиаданың өту орны: облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей (Өскемен қ., Новаторов көш., 9а).

Олимпиада келесі бағыттар бойынша өткізіледі: «Тілашар/АБВГД»,            «Қазақ/Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Қызықты математика», «Мен әлемді танимын», «Легошығармашылық». 1 сынып оқушылары үшін «Сауаттылыққа үйрену», «Қазақ/Орыс тілі», «Стандартты емес есептерді шешу»,  «Мен әлемді танимын», «Легоқұрастыру», «Инженерлік есептердің шығармашылық шешуі» . 

«Қазақ/Орыс тілі» пәндерінен ана тілі қазақ/орыс тілі емес оқушылар қатысады.

Олимпиадаға облыстың «Зияткер» желілік кешен мектептерінің1 сынып және мектепалды дайындық сыныптарының тәрбиеленушілері қатысады. Әр «Зияткер» сыныбынан құрамында 6 адам бар 1 топ (әр пәнге бір қатысушыдан) және 1 жетекші қатысады.

Олимпиадаға қатысуға өтінім 2018 жылдың 29 наурызына дейін білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған үлгіге сай (1 қосымша) түрде vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.

Олимпиада аясында ІІ облыстық «Сыныпта және сыныптан тыс қызмет құралдары арқылы инженерлік ойлауды дамыту мен білім берудегі жаңа тәсілдер: тәжірибе, мәселелер, болашақ»  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі.

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық сұрақтар бойынша 8 (7232) 700-244 телефонына хабарласуды сұраймыз.