Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларды анықтау және дамытуға қажетті жағдай жасау, оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру, ғылыми білімді насихаттау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.
Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – мектепішілік (ақпан-наурыз);
- екінші кезең – аудандық/қалалық (наурыздың бірінші онкүндігі);
- үшінші кезең – облыстық – 2018 жылдың 26-28 наурызы аралығында.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: «Қазақ тілі мен әдебиеті» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Орыс тілі мен әдебиеті» (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), «Орыс сыныптарындағы қазақ тілі», «Қазақ сыныптарындағы орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Математика», «Дүниетану», «Бейнелеу өнері». Жұмыс жазбаша түрде орындалады. Тапсырмаларды орындау уақыты - 90 минут, бейнелеу өнері - 120 минут.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 3, 4 сынып оқушылары (оқу тіліне қарамастан) қатысады.
Облыстың әр ауданынан/қаласынан, мамандандырылған мектебінен 16 оқушы (бекітілген квота бойынша, 1 қосымша) қатысады және қалалық/аудандық команда жетекшісі ретінде 1 жетекші бастауыш сынып мұғалімі тағайындалады.
Олимпиаданы өткізу ережесі www.shygysdaryn.kz.сайтында орналасқан.
Олимпиадаға қатысуға өтінімді 2018 жылдың 16 наурызына дейін келесі мекен-жайға жіберу қажет: Өскемен қаласы, Абай даңғ., 21, тел/факс: 8-7232-55-20-12 немесе vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасы.
Тапсырыс үлгісі: (қатаң түрде үлгі бойынша)
|
№ |
Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша) |
Аудан(қала) |
Мектеп |
Сынып |
Пән |
Оқу тілі |
Мұғалімнің аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Олимпиаданың өтетін орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Олимпиадаға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші білім мекемесінің есебінен өтеледі.