Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №146 «Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданы жыл сайын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ. Бітібаева ат. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі (бұдан әрі – Олимпиада) 2018 жылғы 3 сәуірде өтетінін хабарлаймыз.
Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиада 2 айналымда өткізіледі:
1 айналым – жазбаша – эссе;
2.айналым – ауызша – қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.
Олимпиаданың ережесі www.shygysdaryny.kz сайтында орналасқан.
2018 жылдың 20 наурызына дейін Олимпиадаға қатысуға өтінімді, төменде көрсетілген үлгі бойынша vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Тапсырыс үлгісі:
|
№ |
Аудан/қала
|
Қатысушының аты-жөні |
Сыныбы |
Мектебі |
Дайындаған мұғалімнің аты-жөні |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
Олимпиаданың өтетін орны туралы толық ақпарат қосымша хабарланады.