+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Орыс тілі және орыс мәдениетінің білгірлері» Республикалық байқаудың қорытындысы
28 Ақп, 14:24

«Орыс тілі және орыс мәдениетінің білгірлері» Республикалық байқаудың қорытындысы

2018 жылғы 26-28 ақпан аралығында Республикалық "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығының Щучинскқаласында Қазақстан Республикасының 25 оқушысы арасында «Орыс тілі және орыс мәдениетінің білгірлері» Республикалық байқауының халықаралық іріктеу кезеңі өтті.

Республикалық кезең үш айналымнан тұрды: Эссе жазу, олимпиада тапсырмаларын шешу және портфолионы қорғау.

Шығыс Қазақстан облысынан  орыс тілінің  3 үздік білгірі конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды.

2 дәрежелі дипломмен:

Семенова Анастасия – Өскемен қаласындағы Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;

дәрежелі дипломмен:

Самарханова Назлы – Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8 сынып оқушысы;

Макарова Екатерина – Шемонаиха ауданының Н. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы марапатталды.

 

Біздің жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз! Сәттілік және шығармашылық табыстар тілейміз!