+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық олимпиадалық «Leader» резерві мүшелерінің оқу-жаттығу жиынының қорытындысы
27 Ақп, 14:21

Облыстық олимпиадалық «Leader» резерві мүшелерінің оқу-жаттығу жиынының қорытындысы

 

Таулы Үлбіде орналасқан «Дарын» базасында 2018 жылдың 22-27 ақпаны аралығында облыстық олимпиадалық резерв мүшелерін дайындау мақсатындаоқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Жиынның мақсаты дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, зияткерлік қабілеттері мен дағдыларын дамыту, аналитикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру болып табылады.

Оқушылармен алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен облыс мектептерінің оқытушылары жұмыс жасады.

Жиынның бағдарламасына келесілеркірді:

- пәнді тереңдете оқыту шеңберінде оқу сабақтары (дәрістер, тәжірибелер, зертханалық жұмыстар, білім беру квестері, шығармашылық сынақтар);

- дамыту сабақтары (шеберлік кластары, психологиялық тренинг).