Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2018 жылдың 13-15 наурызы аралығында Таулы Үлбіде орналасқан Орталық базасында дарынды балаларға арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» атты облыстық семинар-тренинг (бұдан әрі – Семинар-тренинг) өткізілетінін назарларыңызға салады.
Семинар-тренингтің мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың концептуалдық идеялары мен жаһандық бастамаларын зерделеу, қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру.
Шара аясында «Рухани жаңғыру: «Болашаққа бастар жол» бағдарламасы бойынша екі күндік дәрістер циклын өткізу, сонымен қатар, дебаттар, республикалық семинар тренингке қатысушылармен кездесу өткізу жоспарлануда.
Семинар-тренингке қатысуға оқу озаттары, белсенділер және дарынды балалар қатарынан 9-10 сынып оқушылары квотаға сәйкес 2 оқушыдан (қазақ тілді – 1 оқушы, орыс тілді – 1 оқушы) шақырылады.
Қатысушылардың тұратын орны мен тамақтануы «Дарын» ШҚ ӨҒПО есебінен.
Келу күні – 13 наурызда, сағат 09.00-де, (жиын орны: Спорт сарайы, Абай даңғ., 2) қайту күні – 15 наурыз, сағат 09.00-ден бастап.
Барлық қатысушыларда өздерімен бірге келесілер болуы қажет:
- туу туралы куәліктің/жеке куәліктің көшірмесі;
- эпид. орта туралы анықтама;
- күнделікті және салтанатты киім;
- оқу құралдары (дәптер, қалам).
2018 жылдың 5 наурызына дейін vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасына немесе 8/7232/552012 факсы арқылы «Дарын» ШҚ ӨҒПО-ға өтінім жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектеп, сынып |
Оқу тілі |
Жетістіктері |
Үйлестірушінің АЖТ (байланыс телефондары) |
|
|
|
|
|
|
|
|