+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Балалар бастауы – 2018» балалар қоғамдық бастамаларының байқауын өткізу туралы
22 Ақп, 15:02

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балалардың заманауи бастамалары – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбында «Балалар бастауы – 2018» балалар қоғамдық бастамаларының байқауын (әрі қарай – Байқау) өткізетіндігін назарларыңызға салады.

Байқаудың мақсаттары – балалар бойында белсенді азаматтық позицияны тәрбиелеу, өмірлік басымдықтарды дұрыс таңдау дағдыларына баулу, балалар бастамасын жүзеге асыратын алаң құру.

Байқау екі кезеңде өтеді:

1 кезең – қалалық (аудандық) – 2018 жылы 9 ақпаннан 10 наурызға дейін.

2 кезең – облыстық – 2018 жылы сәуірдің І онкүндігі.

Байқауға 11 жастан 18 жасқа дейінгі жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің оқушылары, сонымен қатар, интернаттық мекемелердің оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысады.

Қалалық/аудандық кезеңді өткізу қорытындыларын және облыстық кезеңге қатысуға өтінімдерді 2018 жылдың 20 наурызына дейін vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасына жіберу керек.   

Байқауға қатысуға байланысты барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7232) 700-244, 742-266.