+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Өнертапқыштық саласындағы «Шапағат» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізу Ережесі
13 Ақп, 15:09

І. Жалпы ережелері

1. Осы Ереже оқушылардың өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін,  өткізу тәртібі мен қаржыландырылуын, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

2. Конкурс ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен       Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі - Орталық) болып табылады.

3. Конкурстың басты мақсаты өнертапқыштық қызметті насихаттау және қолдау, балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуеті мен танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, перспективалық өнертабыстарды ілгерілетуге көмек көрсету болып табылады.

4.Конкурстың басты міндеттері:

- өнертапқыштық қызметті насихаттау;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және оларды өнертапқыштық қызметке баулу;

- оқушылардың үздік өнертабыстарын демонстрациялау, өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру.

2. Конкурстың қатысушылары

5. Конкурсқа жас өнертапқыштар – 12-17жас аралығындағы оқушылар жеке жәнекомандалық құрамда қатыса алады (2 қатысушыдан аспау керек).

3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

6. Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

- бірінші кезең – аудандық/қалалық - 2018 жылдың ақпан айының 3 онкүндігі;

- екінші кезең – облыстық (2018 жылдың 5-7 наурызы аралығында);

- үшінші (қорытынды) кезең – республикалық (сәуір, 2018 жыл).

Облыстық кезең Орталықтың Таулы Үлбідегі базасында өтеді.

7. Жобаларды қорғау «Жас дарын» номинациясында келесі бағыттар бойынша өтеді:

1) Техникалық құрастыру – көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық құралдары, еңбекті жеңілдету жабдықтарын ұсынатын құрастыру жобалары;

2)Энергетика және электротехника – ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке енгізетін қолданыстағы құрылғылар, құрылымдар, энергияны алатын және түрлендіретін құрылғылар, электротехникалық жабдықтарды ұсынатын жобалар;

3) Энергия үнемдеу техгологиялары – энергия үнемдеу технологиясы саласындағы оқушының өзіндік зерттеу, эксперименттік және өнертапқыштық қызметі үдерісінде әзірлеген құрылғылар мен аспаптарды ұсынатын жобалар;

4) Роботты техника, автоматика және зияткерлік жүйелер – қашықтықтан басқару мен бақылау мақсатындағы ақпарат алмасу техникалық құралдарын көрсететін жобалар, автоматтандырылған техникалық жүйелер (роботтар) жұмыстары;

5) Авиация, ғарышкерлік және аэроғарыштық техника – авиация және ғарышкерлікті дамыту саласындағы жобалар, жаңа транспорттық ғарыштық жүйелер жобалары.

8. Қатысушылар жобалар мен демонстрациялық материалдарды ұсынады және қорғайды. Жұмысты қорғауда сызбалар мен сызбанұсқалар көмегімен құрылғыны және үлгінің жұмыс істеу қағидасын түсіндіру қажет. Авторға (авторласқа) 10 минутуақыт беріледі (қорғау – 7 минут, сұраққа жауапберу – 3 минут).

9. Конкурсқа қатысу үшін аудандық/қалалық білім бөлімі басшысының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорының қолыменкуәландырылған өтінім беру қажет.

10. Облыстық кезеңге әрбір ауданнан/қаладан, мамандандырылған мектептен  3 үздік жұмыс ұсынылады.

11. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және қайтарылмайды.

12. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды

13..Конкурстың қорытындысы Орталықтың www.shygysdaryny.kz сайтында орналастырылады.

14. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:  «Дарын» ШҚ ӨҒПО,  Абай даңғ., 21.  тел. 55-20-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru

4. Конкурсқа ұсынылатын жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

15. Әрбір жұмыс бағыты бойынша жобалар мен демонстрациялық материалдар ұсынады (модельер, макеттер, құрылғылар және т.б.). Жұмыстар қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі (қағаз және электронды түрде). Жұмыс көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттердің жиектерімен нөмірлері болуы міндет.

16. Жұмысқа қойылатын талаптар:

1) жұмыс мәтіні компьютерде басылып шығуы (WORD; 14 шрифт; ара қашықтығы 1,5; сол жақтан 2 см шегініс) және келесілерден тұруы қажет:

- басқы бет;

- мазмұны;

- резюме (аннотация) – қазақ немесе орыстілдерінде жұмыстың негізгі бөлімінің қысқаша мазмұндамасы (жұмыстың қай тілде жазылуына байланысты);

- кіріспе – жұмыстың өзектілігі және тақырыптың таңдалу негізін, оның мақсаты мен міндеттерін, жұмыстың орындалған жерін көрсетеді;

- негізгібөлім: өнертабыс материалдары; эксперименттік бөлім; жұмыс нәтижелері және оларды талқылау.

- қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2) басқы бетте келесілер қөрсетіледі:

- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы;

- жұмыстың тақырыбы;

- бағыты;

- орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, облысы, қаласы, ауданы);

- жұмыс орындалған жыл;

- жұмыстың электрондынұсқасындискіге жазып, жұмыспен қоса жіберу керек.

Баяндаманың мәтіні қысқа және келесі сызбанұсқа бойынша құрастырылуы қажет: тақырып таңдау негіздемесі; зерттеу мақсаты; зерттеу міндеттері; зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен құралдары; зерттеу жоспары; алынған нәтижелер; қысқаша қорытынды; бұдан әрі жұмыстың келешегі.

17. Конкурс  жұмыстарын бағалау келесікритерийлер бойынша жүзеге асырылады:

- конкурстық жұмыс бағасы: өзектілік, жаңалығы, зерттеу элементі, автордың жетістіктері, зерттеу маңыздылығы, жұмыстың рәсімделуі;

- баяндама композициясы: жұмыстың әдіснамалық сипаттамаларын тұжырымдау (проблема, зерттеу нысаны мен пәні, мақсаты, болжамы, шешілетін тапсырмалар), баяндама құрылымының логикасы;

- білімпаздық: таңдалған және шектес білім салаларының негізгі ережелерін білу;

- демонстрациялар – автормен немесе авторлармен жасалған қолданыстағы модельдер, көрнекі оқу құралдары, графиктер, кестелер, фотоматериалдар және фотомонтаждар, суреттер, сызбанұсқалар, макеттер, карталар және т. б.

5. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

18. Конкурстың нәтижелері қатысушы көрсеткенконкурстық жұмыс бағасы мен оны қорғаудаалынған ұпайлар санының қосындысы арқылы анықталады. Жеңімпаздар дипломдарменмарапатталады, қатысушыларға сертификаттар табысталады.

19. Конкурстың қорытындысы бойынша үздік жұмыстар өнертапқыштық саласындағы «Шапағат» конкурсының республикалық кезеңіне ұсынылады.

6. Қаржыландыру

20. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

21.Конкурс қатысушылары мен жетекшінің жиын орнына дейінгі және қайтар жолдағы жол шығындары жіберуші жақтың есебінен.Қатысушылардың іссапар шығындары (тамақтануы, жатын орны) Орталық есебінен (жетекшілер тұрмайды).