Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 5-7 наурызы аралығында Таулы Үлбіде орналасқан Орталық базасында өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін назарларыңызға салады.
Конкурстың мақсаты өнертапқыштық қызметті насихаттау және қолдау, балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуеті мен танымдық қызығушылықтарын ынталандыру,перспективалық өнертабыстарды ілгерілетуге көмек көрсетуболып табылады.
Жұмысты қорғау келесі бағыттар бойынша өтеді:
- техникалық құрастыру;
- энергетика және электротехника;
- энергия үнемдеу технологиялары;
- роботты техника, автоматика және зияткерлік жүйелер;
- авиация, ғарышкерлік және аэроғарыштық техника.
Конкурсқа қатысуға әр ауданнан/қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден 12-17 жас аралығындағы 3 оқушы (әр қатысушы жұмысты таңдалып алынған бір бағыт бойынша қорғайды) шақырылады. Конкурстың өткізілу ережелері қоса берілді.
Оқушылардың тұратын орны мен тамақтануы Орталық есебінен. Жетекшілер қатысушыларға тек жиын орнына дейін және қайтар жолда жетекшілік етеді.
Келу күні – 5 наурыз сағ. 09.00-де, (жиын орны: Спорт сарайы, Абай даңғ., 2), қайту күні – 7 наурыз сағ. 09.00-ден бастап.
Барлық қатысушыларда өздерімен келесілер болуы керек:
1. ғылыми-зерттеу жұмысының материалдары (өнертабыс сипаттамасы, есептеулер, графиктер, диаграммалар, фото- және бейнематериалдар, макеттер, модельдер, тарату материалдары);
2. жеке бас құжатының/туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. эпид. орта туралы анықтама;
4. күнделікті және салтанатты киім.
Төменде көрсетілген үлгі бойынша өтінімді 2018 жылдың 23 ақпанына дейін vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Тапсырыс үлгісі:
|
№ |
Автор(лар)дың аты-жөні |
Мектебі |
Сыныбы (жасы) |
Оқитын тілі |
Жұмыстың атауы |
Бағыты |
Мұғалімнің аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|