Әлем елдерінің бірыңғай мәдени кеңістігін қолдау және дамыту, Ресейдің мәдени мұрасымен және орыс тілімен танысу үшін 2018 жылдың 5 ақпанында Өскемен қаласындағы З. Ахметов атындағы №16 орта мектеп базасында орыс тілі мен әдебиеті білгірлерінің конкурсы болып өтті.
Конкурс екі кезеңде өткізілді:
- бірінші кезең - әртүрлі конкурстар, жарыстар мен олимпиадалардағы жетістіктерімен, табыстарымен таныстыру, эссе жазу;
- екінші кезең - орыс тілі мен әдебиетінен олимпиадалық сипаттағы конкурстық тапсырмалар орындау.
Байқауға облыс мектептерінен 7-9 сынып оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша, қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
І орын:
- Макарова Екатерина –Шемонаиха ауданындағы Н. Островский атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;
- Самарханова Назлы –Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 8 сынып оқушысы;
- Семенова Анастасия –Өскемен қаласындағы физика, математика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп лицейдің 9 сынып оқушысы.
ІІ орын:
- Попова Варвара – Риддерқаласындағы №1 орта мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы;
- Базарская Алиса– Өскемен қаласындағы№34мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы;
- Дак Арина– Риддерқаласындағы №1 орта мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы.
ІІI орын:
-Жумадилов Дарын – Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстықмамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы;
- Керпус Ангелина – Бородулиха ауданы, Жезкент кентіндегі мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы;
- Шкабарова Мария – Риддер қаласындағы№1 орта мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы;
- Тетерина Елизавета – Риддер қаласындағы №1 орта мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы;
- Марат Еркежан – Шемонаиха ауданындағы Н. Островский атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы.
Жеңімпаздар 2018 жылдың 26-27 ақпан аралығында Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өтетін республикалық кезеңде өңір абройын қорғайтын болады.
Сәттілік пен жеңіс тілейміз!