+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ғылым және жаңалықтар әлемі» облыстық бейіндік ауысымының ЕРЕЖЕСІ
12 Ақп, 08:58

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже «Ғылым және жаңалықтар әлемі» облыстық бейіндік ауысымының (әрі қарай - Ауысым) мақсаттары мен міндеттерін, оны ұйымдастыру, өткізу, қатысу нәтижесін бағалау, жүлдегерлерді марапаттау тәртібін белгілейді.

2. Ауысым ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (әрі қарай – ШҚО ББ) және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (әрі қарай – «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.

Ауысым өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.  

2. Ауысымның мақсаты мен міндеттері

3. Аусымның мақсаты – оқушыларды олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша олимпиадалық резерв құру.

Ауысымның міндеттері:

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зертеу әрекетке қызығушылықтарын анықтап, дамыту;

- оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ынталандыру;

- оқушылардың ғылыми жұмыстары үшін жағдай жасау;

-.оқушыларды өзіндік жұмыс әдісіне, тәуелсіз ойлауды дамыту үшін қажетті зияткерлік тәртіпке, дербес және шығармашылық ойлау қабілетіне үйрету.

3. Ауысым қатысушылары

5. Ауысымға облыс мектептерінің 8-9 сынып оқушылары жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша аудандық/қалалық және облыстық олимпиада резерві мүшелері қатысады.

6. Ауысымға келіп жеткен соң, қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

1) ауысымға қатысу жөніндегі аудандық/қалалық білім бөлімінің басшысы бұйырғының көшірмесі;

2) қатысушы туралы мәлімет (Т.А.Ә., туған жылы, сыныбы, оқу орны мен білім беру ұйымының мекен-жайы, мұғалімнің Т.А.Ә., телефоны);

3) дәрігерлік анықтама (әр қатысушыға);

4) қатысушының жеке құжатының немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі.

4. Ауысымның жұмыс органдары

7. Ауысымды дайындау мен өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Ауысымды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;

          - тікелей басшылықты жүзге асырады;

- Ауысым қорытындысын талдайды және жалпыландырады;

- Ауысым ережесіне сәйкес Ауысымды өткізуді ұйымдастырады;

- Ауысымның тәртібін, ұзақтығын, мерзімін, өту орнын анықтайды;

          -.Ауысымды ұйымдастырып өткізудің іс-шаралар жоспарын, ауысым бағдарламасын әзірлейді;

- білім беру мекемелерінен Ауысымға қатысу туралы өтінімдерді қабылдайды;

- Ауысымның қазылар алқасы және әдістемелік комиссия құрамын қалыптастырады және бекітеді.

5. Ауысымның өткізу тәртібі, орны және мерзімі

8. Ауысым 2018 жылдың 12-17 ақпаны аралығында Таулы Үлбідегі «Дарын ШҚ ӨҒПО»базасында өтеді. Қатысушылардың келуі 12 ақпан (сағат 12:00 дейін), қайту - 17 ақпан.

Жетекшілер қатысушыларды 12 ақпанда (сағат 10.00-де) Өскемен қаласындағы белгіленген жиын орнына дейін алып келеді және 17 ақпанда (сағат 10.00-де) Өскемен қаласындағы жиын орнында тосып алады.

9. Ауысым бекітілген  бағдарламаға сәйкес өткізіледі.

6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

10. Ауысым жүлдегерлері мен жеңіпаздары  дипломдармен  марапатталады.

Ауысым қатысушыларының барлығына сертификаттар  табысталады.

7. Қаржыландыру

11. Шараны қаржыландыруды жасалған  және бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.

12. Ауысым қатысушыларының іссапар шығындары (бару-қайту жолы) жіберуші жақ есебінен төленеді.