Балалардың зерттеу қызметіне дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2018 жылдың 29-30 қаңтарында Ақмола облысы Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында ХІІІ республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы өткізілді.
Байқауға барлық өңірлерден 420 оқушы жиналды. Шығыс Қазақстан облысының намысын 28 оқушы (21жоба) қорғады. Жас зерттеушілер байқауға лайықты қатысып, І орын - 10, ІІ орын - 12, ІІІ орын - 6 дипломмен жетістіктер қоржынын толтырды.
Жас зерттеушілер командасы жалпыкомандалық I орынға ие болды.
I дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Рамазанұлы Жандос – Бесқарағай ауданы, Кривинка орта мектебінің 4 сынып оқушысы (биология, химия);
- Диханбай Айсұлтан – Өскемен қаласы, Ш. Уәлиханов ат. №3 орта мектептің 2 сынып оқушысы (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Брагинец Андрей – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Мухамедьярова Мелиша – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Бейбітбекова Айша – Семей қаласы, Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 2 сынып (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Мақсатұлы Хақназар – Семей қаласы, Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 2 сынып (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Мерей Анель – Тарбағатай ауданы, Қ. Нұрбаев ат. орта мектептің 5 сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Дюсюпов Алишер – Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы (математика, информатика);
- Нұрғазин Арнұр – Семей қаласы, Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 2 сынып (физика, техника);
- Қыдырхан Шынар – Семей қаласы, Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 2 сынып (физика, техника).
II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Нурбек Аймөлдир – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 7 сынып оқушысы (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Нұркен Елара – Күршім ауданы, №1 Марқакөл орта мектебінің 2 сынып оқушысы (медицина, психология);
- Оразова Инабат – Өскемен қаласы, Қ. Нұрғалиев ат. №43 мектеп-лицейдің 2 сынып оқушысы (медицина, психология);
- Серікқызы Ботакөз – Семей қаласы, №47 орта мектептің 5 сынып оқушысы (медицина,психология);
- Советбекова Аружан – Семей қаласы, №47 орта мектептің 5 сынып оқушысы (медицина,психология);
- Измайлов Леонид – Глубокое ауданы, Уваров орта мектебінің 7 сынып оқушысы (физика, техника);
- Сағадиева Азиза – Абай ауданы, Абай ат. жалпы білім беретін орта мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы (валеология, экология);
- Төлеубек Нұрасыл – Семей қаласы, Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 4 сынып(валеология,экология);
- Нұрдәулет Әмина –Семей қаласы, Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 4 сынып(валеология,экология);
- Шалқар Назерке – Абай ауданы, Абай ат. жалпы білім беретін орта мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы(валеология, экология);
- Макеев Ратмир – Өскемен қаласы, №24 орта мектептің 5 сынып оқушысы (валеология, экология);
- Шериязданов Тимур – Өскемен қаласы, №24 орта мектептің 5 сынып оқушысы (валеология, экология).
III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Дулатов Бейбарыс – Зайсан ауданы, Айнабұлақ орта мектебінің 6 сынып оқушысы (биология, химия);
- Абенова Балауса – Күршім ауданы, Жолнұсқау жалпы білім беретін орта мектебінің 4 сынып оқушысы (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Аманов Арнұр – Семей қаласы, №22 орта мектеп-лицейдің 3 сынып оқушысы (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Аманов Ернұр – Семей қаласы, №22 орта мектеп-лицейдің 3 сынып оқушысы (тарих, өлкетану, этномәдениеттану);
- Слямбекова Адэлина – Күршім ауданы, №1 орта мектептің 6 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);
- Султанбекова Сабина – Өскемен қаласы, №22 орта мектептің 7 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті).
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!


