Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2018 жылдың 26-31 наурыз аралығында «Дарын» оқыту-сауықтыру базасында (Таулы Үлбі) 5-11 сынып оқушыларына арналған «Шуағын шашқан көктем!»көктемгі каникул ауысымы өтетінін назарларыңызға салады.
Көктемгі ауысым бағдарламасында «Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекелік концерті сахналық қойылыммен,«Көктем аруы – 2018» сайысы, қазақтың ұлттық ойындары,«Достық алауы» алау жанындағы кеш, «Спорт Life» спорттық-сауықтыру шаралары және т.б. қарастырылған.
Қатысушылардың келу күні – 26 наурыз, сағ. 9:00-де (Спорт сарайынан), кету – 31 наурыз, сағ. 09:00 - де.
Өтінімдерді 2018 жылдың 20 ақпанына дейін 8(7232)701-516, 8-705-173-02-66, тел/факсына немесе vk_daryn@mail.ru эл. Поштасына («Дарын» ШҚ ӨҒПО) жіберулеріңізді сұраймыз.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Оқушының аты-жөні |
Қала/ аудан |
Мектеп/ Сынып |
Оқыту тілі |
Ата-анасының аты-жөні, үйлестірушінің аты-жөні/ тел.(жұмыс, ұялы) |
Шығармашылық жетістіктері |
|
|
|
|
|
|
|
|