+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық «Жас шахматшы» турнирін өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ
06 Қаз, 10:38

I Жалпы ережелер

1. Ережелер ШҚО жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларына арналған облыстық «Жас шахматшы» турнирінің (ары қарай - турнир) мақсатын, міндетін, өткізілу тәртібін айқындайды. cut

2. Турнирдің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

-  дарынды балаларды анықтау, қолдау;

-  оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттыру;

-  мектеп оқушылары арасында шахмат ойындарын түсіндіру;

- шахмат турнирінің республикалық кезеңіне жеңімпаз командарларды айқындап, жіберу;

-  табысқа жетуді уәждеу.

3. Турнирдің ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық  «Дарын» орталығы (ары қарай - «Дарын» орталығы).

 

II Уақыты мен өтетін орны. Өткізілу тәртібі.

4. Сайыс Өскемен қаласында таңертеңгі сағат 07.00-де өтеді.

5. Шахмат турниріне барлығы 6 оқушы қатыса алады: жас ерекшеліктеріне байланысты үш топқа 2 ойыншыдан.

1 топ  - 4-6 сыныптар (1ұл, 1 қыз бала);

2 топ – 7-8 сыныптар (1ұл, 1 қыз бала);

3 топ – 9 – 11 сыныптар (1ұл, 1 қыз бала).

6. Турнир Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп гимназия интернаты кешенінде өткізіледі. (Өскемен қаласы, Амурская көшесі, 12/1).

7. Турнирге қатысуға тапсырыстар көрсетілген уақытқа 10 күн қалғанға дейін қабылданады. Кешігіп жіберілген тапсырыстар сондай-ақ, өткізілу тәртібіне сай емес тапсырыстар қабылданбайды.

 

III Жұмысшы органдары

8. Турнирге даярлық пен өткізудің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру мен үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады

9. ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының әдіскерлерлері, спорттық білім мекемелерінің қызметкерлері үйлестіруші бола алады. Облыстық шахмат турнирінің ұйымдастыру комитеті:

- турнирдің жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылық жасайды;

- нәтижесін талдап, қорытады;

- Турнирдің өткізілуі туралы мәліметті БАҚ жариялайды.

 

IV Жеңімпаздарды марапаттау

10. Турнир жеңімпаздары барлық ойындардан ең жоғары ұпай жинағандары бойынша анықталады. Жиған ұпайлары бірдей болған екі немесе одан да көп қатысқан жеңімпаздардың ойынын классикалық шахмат ережелері бойынша анықтайды.

11. Жас ерекшеліктері сәйкес келген жеңімпаз топтар I, II, III дәрежелі диплдомдармен марапатталады.

12. Облыстық турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар (I орын) жас ерекшеліктеріне байланысты үш топ шахмат турнирінің республикалық кезеңіне қатысуға құқылы.

 

V Конкурсты қаржыландыру

13. Турнирді ұйымдастыруына байланысты шығындар: дипломдар дайындау, төрешілердің еңбектерін төлеу, қатысушылардың тамақтануы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына жүктеледі.