+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
ШҚО оқушыларының XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысу қорытындысы
17 Қаң, 09:53

Қазақстанның ірі мегаполисінде, ғылыми-білім беру, мәдени, тарихи Алматы қаласында Халықаралық Жәутіков олимпиадасы таяу және алыс шет елдердің 480 жас математигін, физигін, информатигін біріктірді. ШҚО командасының намысын 7 қатысушы – жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың және информатикадан Еуразия олимпиадасының жүлдегерлері қорғады.

Екі айналымның қорытындысы бойынша Семей қаласындағы мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы – Мағауин Расул (физика) және Өскемен қаласындағы мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы – Еркимбеков Алишер (информатика) қола медальмен марапатталды.

Оқушының әр жеңісі – оның ұстазының да жеңісі. Расулдың тәлімгері, физика мұғалімі Ташев Нурлыбек  Есенбековичке, Алишердің тәлімгері , информатика мұғалімі Аширмет Айбек Дадажановичке алғыс бірдіреміз.

 

Балаларды, олардың ата-аналарын және педагогтарды құттықтаймыз!