+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиаданың өткізу ережесі
12 Қаң, 16:31

1. Жалпы ереже

1.1.  Бұл ЕрежеЖакула Күшікұлы атындағыхимия және биология пәндерінен облыстық олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілу мақсатын, міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуін, тәртібін анықтайды.

1.2. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, ғылыми дүниетанымды дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.

1.3. Олимпиаданың міндеттері:

- химия мен биология пәндерінен оқушылардың қызығушылығын ынталандыру;

- шығармашылық қабілеттер мен ғылыми-практикалық жұмысқа қызығушылықты анықтау мен дамыту;

- ең талантты және дарынды оқушылады іріктеу, олимпиадалық резервті құру;

- дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдайлар жасау, ғылыми білімді насихаттау және дамыту.

2. Олимпиаданың жұмысшы органдары

2.1 Олимпиаданы өткізу үшін шараны үйлестіруді, ұйымдастыру-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

2.2. Ұйымдастыру комитеті өзінің құзыреттілігінің шегінде:

   Олимпиаданың өту мерзімін, тәртібін, өтетін орнын келіседі;

   қазылар алқасының құрамын құрайды және бекітеді;

   тапсырмалардың бағалау критерийі мен материалдарды әзірлейді;

   жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін бекітеді;

   Олимпиаданың қорытындысын сараптайды және таратады.

3. Олимпиада қатысушылары

3.1. Олимпиадаға қазақ және орыс тілдерінде оқитын 9-11 сынып оқушылары қатысады.

3.2. Әр ауданнан/қаладан команданың сандық құрамы 6 оқушы:  9 сынып – 2 адам, 10 сынып – 2 адам, 11 сынып – 2 адам және бекітілген квотаға сай 1 жетекші (1-қосымша).

3.3. Команданың топ жетекшісі ретінде тәжірибелі химия және биология пәндерінің мұғалімдері (жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес) тағайындалады. Топ жетекшісі қатысушылардың өмірі мен денсаулығына олимпиада өтетін орынға дейін, олимпиада барысында және қайтар жолда толықтай жауапты болады.

3.4. Олимпиадаға келісімен жетекші ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1)    Аудандық/қалалық ББ басшысының Олимпиадаға қатысу туралы бұйрығының көшірмесі;

2)    Олимпиадаға қатысушылар тізімі;

3)    медициналық анықтама (әр қатысушыға) – эпид. орта туралы анықтама;

4)    жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі.

4.        Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1  Олимпиада 3 кезеңде өтеді:

1) бірінші – мектепішілік ағымдағы оқу жылда ақпанның ІІ онкүндігінде.

2) екінші – аудандық/қалалық (іріктеу) – ағымдағы оқу жылда наурыздың І онкүндігінде.

3) үшінші – облыстық – ағымдағы оқу жылының 11-12 сәуірі аралығында.

4.2. Олимпиаданың облыстық кезеңі 2 айналымда өтеді: 1 айналым – теориялық (тестілеу); 2 айналым – практикалық (олимпиадалық тапсырмаларды шешу).

4.3 Тапсырмаларды орындауға 3 астрономиялық сағат (180 минут) беріледі.

4.4 Менделеевтің периодтық кестесін, ерігіштік кестесін пайдалануға рұқсат етіледі. Есептеулерді орындау үшін бағдарламаланбайтын калькулятор пайдалануға болады.

4.5 Олимпиада барысында жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, мобильді байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.

4.6 Ережені бұзған жағдайда қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.

4.7 Олимпиадаға тіркеу және қабылдау білім беру ұйымы басшысының қолы және мөрімен расталған аудандық/қалалық білім бөлімдерінен жіберілген өтінім бойынша (2 қосымша) жүзеге асырылады. Өтінім ағымдағы оқу жылының 20 наурызына дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.

4.8 Жіберілген өтінімдегі деректердің дұрыстығына білім бөлімдері жауапты.

5. Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау

5.1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

5.2. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

6. Қаржыландыру

6.1. Олимпиаданы қаржыландыру құрылып, бекітілген сметаға сәйкес     Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен жүзеге асырылады.

6.2. Қатысушылардың және олардың жетекшілерінің жол шығындары (бару және қайту) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.