ХХІ ғасыр тек жаһандық сынның дәуірі ғана емес, сонымен қатар, білімдерінің күші біздің мемлекетіміздің жарқын және өркендеген болашағын қалыптастыратын жас, талантты және дарынды балалардың кезеңі.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Елді жаңа индустриалияндыру: Қазақстан барысының серпіні» жалпыұлттық телекөпірінің көрсетілуі барысында барлық білім беру мекемелерінің мақсаты – жалпы жоғары зияткерлік дәрежелі талантты жастарды іздеу болып табылатындығын атап көрсетті.
Жыл сайынғы республикалық олимпиада өз бастауын 2017 жылдың қазанынан бастап облыс мектептерінен алып, олимпиаданың келесі аудандық/қалалық кезеңнің қатысушылары атанған 10000 астам бірінші кезеңнің жеңімпаздарын анықтады.
Олимпиада шығармашылық қабілеттерді дамыту, оқушылардың теориялық білімдері мен тәжірибелік қабілеттерін тереңдету, дарынды балаларды анықтауға қажетті жағдайлар жасау, оқушыларды республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау мақсатында өткізіледі.
Үздіктердің үздігі – олимпиаданың кезекті кезеңін жеңген облыстың 710 оқушысы, 2018 жылдың 5-7 қаңтары аралығында Өскемен қаласында өткізілген облыстық кезеңде өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
Олимпиадаға барлығы біздің облысымыздың 4 қаласы мен 15 ауданынан 19 мектеп командалары, сонымен қатар, мамандандырылған білім беру мекелерінен 7 команда қатысты.
Екі күн аралығында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың базасында облыс оқушыларының арасында зияткерлік бәсеке өткізілді.
Облыстық кезеңнің тапсырмалары балалардан жоғары және сапалы білімді талап етті. Жас химиктер мен физиктер зертханаларда практикалық және тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, өз мақсаттарына ойдағыдай жетті.
Қатысушылардың білімдері мен практикалық қабілеттерін бағалаған әділқазылар алқасының құрамына аймақтың үздік жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары, ғылым кандиданттары мен докторлары енді.
Олимпиаданы өткізуде өз кезінде халықаралық аренада еліміздің намысын лайықты қорғаған түректер – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары елеулі көмек көрсетті.
Олимпиаданың 2 кезеңінің қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 63, ІІ дәрежелі дипломмен 95, ІІІ дәрежелі дипломмен 148 оқушы марапатталды.
Олимпиаданың аяқталу қарсаңындағы көптен күткен тағатсыздыққа қарамастан, облыс қалалары мен аудандарының командалары дипломдармен марапатталынып, номинациялармен белгіленді.
«Үздік Олимпиадалық команда – 2018» номинациясында І дәрежелі дипломмен және жеңімпаз кубогымен марапатталған:
- Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің командасы;
-Күршім ауданының командасы.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің командасы;
- Өскемен қаласының командасы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Семей қаласының командасы;
- Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың командасы;
- Зайсан ауданының командасы.
«Үздік ауылдық мектеп – 2018» номинациясында марапатталғандар:
- Зайсан ауданы, Х. Мұстафина атындағы орта мектебі;
- Тарбағатай ауданы, Қ. Біләлов атындағы орта мектебі.
Ең жоғарғы ұпай жинаған жеңімпаздар Атырау қ. (жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерден) және Қостанай қ. (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден) өткізілетін олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.
Жеңімпаздарды, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Балаларға үздіктердің үздігі атанып, олимпиаданың қорытынды кезеңінде облысымыздың намысын лайықты қорғауды тілейміз.