+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
04 Қаң, 11:48

2018 жылдың 5-7 қаңтары аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.

Шараны өткізу мақсаты – зияткерлік және шығармашылық қабілеттерді дамыту, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуға оқушыларды іріктеу және дайындау.

Олимпиаданың қатысушылары аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, 9-11 сыныптардың 690 оқушысы.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына аймақтың үздік ғалымдары енді.

Олимпиада 15 пәннен 2 айналымда (теориялық және тәжірибелік) өткізіледі: «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Құқықтану», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Француз тілі», «Неміс тілі».

Олимпиаданың І айналымы 2018 жылдың 5 қаңтарында өтеді, басталуы сағат 09.00-де;

Олимпиаданың ІІ айналымы 2018 жылдың6 қаңтарында өтеді, басталуы сағат 09.00-де.

Олимпиада:

1. Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты (Амур көш., 12/1);

2. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – химия, биология, география, математика (30-шы Гвардиялық Дивизия көшесі, 34);

3. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – физика, информатика (Ворошилов көшесі, 148) базасында өткізіледі.

Қызығушылық танытатын БАҚ өкілдерін 2018 жылдың 7 қаңтарында сағат 10.00-де Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде, Өскемен қ., Серікбаев көш., 19 мекенжайы бойынша өтетін Олимпиаданың салтанатты жабылуына шақырамыз. 

Қосымша ақпаратты Өскемен қ., Абай даңғылы, 21 – «Дарын» ШҚ ӨҒПО мекенжайы бойынша алуға болады. Тел.: 8/7232/55-20-12, 8-747-682-81-51