2010 жылы 29 қыркүйек пен 01 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының педагогтары Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайында өткен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің арасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына қатысып қайтты.
Конкурстың мақсаты:
- талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарды анықтау;
- дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқу жоспарының вариативті бөлігін әзірлеу бойынша мұғалімдердің педагогикалық инновациялық новаторлық тәжірибесі туралы деректер банкін толықтыру;
- мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынас жасауын ұйымдастыру және шығармашылық табыстарымен алмасу.
Шығыс Қазақстан облысынан дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-лицей-интернаттан, Жамбыл атындағы ДБА облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттан, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гимназиядан, дарынды балаларға арналған облыстық №34 мектеп-лицейден, «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқыту орталығының ОМ, қалалық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектептен барлығы 11 педагог (10 жоба) қатысты.
«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлдегерлерінің тізімі
|
№ |
АЖТ |
Білім мекемесі |
Орын |
|
1 |
А.Т.Алимғазина |
Дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-лицей-интернат |
3 |
|
2 |
В.В.Жуков |
ҚММФИМ |
3 |
|
3 |
Н.К.Мұқанова |
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 МГ |
3 |
|
4 |
Ж.Б.Мадалимова |
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 МГ |
3 |
|
5 |
Н.А.Максименко |
«Восток» ҒЗДОО |
3 |
|
6 |
Е.В.Протопопова |
«Восток» ҒЗДОО |
ҚР БжҒМ грамотасы |
Жүлдегерлер грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификат берілді.