+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ҚР жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілген республикалық Махамбет оқуларының қорытындысы
05 Қаз, 09:42

2011 жылдың 24 қыркүйек 2 қазан күндері Атырау облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында II республикалық Махамбет оқулары өтті.

Республикалық Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізілді.cut

- «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы;

- «Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін орындаушылар конкурсы;

- «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы.

Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан  үш қатысушының екеуі жүлделі орынға ие болды:

-   «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» бөлімі бойынша 3-орынды Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының  11-сынып оқушысы Төлегенұлы Айзат;

-    «Ұлы арман» бөлімі бойынша 3-орынды Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық облыстық мамандандырылған мектебінің 9-сынып оқушысы Ринатов Ерасыл иеленді.