Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында 2017 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының дарынды балалармен дәстүрлі кездесуі өтті.
Министрмен бейресми түрде кездесіп және әңгілемесу мүмкіндігі жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпадары, Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 40 оқушыға берілді.
Кездесуге біздің облысымыздан республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары шақырылды. Олар –дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаттың 11 сынып оқушылары Арнурошидов Диас пен Смагулов Алишер, Күршім ауданының №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әлиасқарова Айнұр мен Семей қаласындағы №6 гимназияның 11 сынып оқушысы Макишева Адия.
Ерлан Кенжеғалиұлы кездесу барысында, «Бүгін біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында осындай бірегей орында – Елбасы кітапханасында жиналып отырмыз. Сіздерді осындай үлкен мерекемен құттықтаймын! Сіздердің барлықтарыңызға жеңістер, келешекте табыстар тілеймін. Оқыңдар, тырысыңдар, еңбектеніңдер. Біз сіздермен әрқашан мақтанғымыз келеді», - деп атап көрсетті.
Әңгіме жылы және шынайы атмосферада өтті. Балалар позитивті эмоциялар, жарқын әсерлер алды және ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдірді.
Макишева Адия ризашылығын былай деп білдірді: «Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігіне, Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына, өзімнің тәлімгерім Альмир Аскаровичке және №6 гимназияның мұғалімдеріне алғыс айтамын. Баға жетпес қолдаулары үшін ата-анама алғыс. Шын жүректен сүйікті елім мен біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына жүзеге асыруға жастар үшін көптеген ресурстар ұсынылатыны үшін алғысымды білдіремін.
Естелік сыйлықтар ретінде оқушыларға электронды кітаптар берілді. Кездесу аясында кешкі Астана бойынша және Қазақстан Республикасының ұлттық музейіне саяхат ұйымдастырылды.

