2017 жылғы 28 қарашада болып өткен республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңнің жеңімпаздары арасындағы қорытынды шығарылды. «Лингвистика» пәні бойынша олимпиадалық резервтің құрамына нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған Семей қаласының дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы Саяқов Самат енді. Саматқа 2018 жылғы 2-12 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында оқу-жаттығу жиынынан өткенен кейін Қазақстан Республикасының олимпиадалық құрамында өзінің эрудициясы мен талантын халықаралық олимпиадада көрсетуге мүмкіндік туады.
Саматқа сәттілік пен лайықты жеңістер тілейміз!