«Дарынды мектеп» Кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 9 желтоқсанында Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен «Engineering 5+» интербелсенді көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме мектепке дейінгі дайындық тәрбиеленушілері мен 1-11 сынып оқушылары арасында, оларды жаңа технологиялар әлеміне тарту, техникаға, құрастыруға, бағдарламалауға, жоғарғы технологияларға қызығушылықтарын дамыту және зерттеу мен ойлап табу қызметіне баулу мақсатында өткізілді.
Жұмыс секторлар бойынша ұйымдастырылды:
- «Жас ТехноТаланттар» (техникалық модельдеу, білім беру үрдісі және тұрмыс құралдары мен жабдықтары, ойын құралдары мен модельдері, легоқұрастыру, робототехника);
- «Жаңа технологиялардың бояулары» (3D –модельдеу, дизайн-жобалар, фотокөрме, балалардың суреттері);
- «Ғылым әлемінде» (қызықты физика, интербелсенді математика, химияның таңғажайып әлемі);
- «Ғылыми зерттеулер» (оқушылардың жоба жұмыстары).
Көрме аясында, демеушісі «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС болған «Робототехника» кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрмеде қонақтарға ауыл шаруашылығында тамаша көмекші бола алатын «Бұрғылаушы» робот, «Өзі төңкеретін» робот, «Піл» роботы және т.б. сияқты түрлі роботтардың модельдері көрсетілді. Қонақтардың ерекше назарын аударған төтенше жағдайлар кезінде алыс және биік жерлерді түсіруге арналған квадрокоптерлер болды.
Көрме қатысушылары өздеріне қызықты формада радиотолқындар, бағдарлама коды, электр тізбектері сияқты заттармен танысты және белсенді түрде қызықты физика, химия, интербелсенді математика бойынша тәжірибелерге қатысты.



